Бензинді изомерлеу және гидротазарту қондырғысының жобасын, жабдықтарын және құрылысын UOP (АҚШ) фирмасының технологиясы бойынша JGC Сorporation (Жапония) корпорациясы орындады.
Кәсіпорынның бас жобалаушысы - «Нижегородниинефтепроект» ААҚ.
Қондырғыны іске қосқан жылы – 2006ж.
Бензинді изомерлеу және гидротазарту қондырғысының құрамына мыналар енеді:
Бензинді гидротазарту және тұрақтандыру секциясы бензинді сутегі бар арнайы катализаторда күкірт, азот- және қышқылқұрамдас көмірсутек- терден тазарту, сондай-ақ гидротазарту секциясынан ректификация әдісімен дизельді отынды депарафиндеп бензинді тұрақтандыру.
Бензин шикізатын гидротазарту және тұрақтандыру секциясының жобалау қуаты жылына үздіксіз 330 күн жұмыс істегенде:
Өндіретін өнімі: гидротазартылған бензин, сұйытылған газ.
Бензиннің кең фракциясын бөлу секциясы аз октанды С5-С6 компоненттері есебінен бнезиннің кең фракциясының құрамындағы октан санын ұлғайтуға арналған.
Шикізат секциясының жобалық күші, қондырғыдағы бензинді қоса есептегенде 870 000 т/ж (110т/с).
НК-85 0С фракциясы (шикізатты изомерлеу), НК-85 0С фракциясы (риформинг, CCR и БГКР шикізаты).
НК-85 0С фракцияларды изомерлеу секциясы сутегі бар арнайы катлизаторда изомерлеу әдісімен октан санын ұлғайту үшін қызмет етеді.
Изомерлеу секциясының шикізат бойынша жобалау қуаты:
173 300 т/ж (22т/с). Өндіретін өнімі: изомеризат ) жоғары октанды компонент).
Дайын өнімнің сипаттамасы: