Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасының талаптарына сәйкес әрбір жобаны жоспарлау кезеңінде нұсқалардың экологиялық және өзге де салдарларын, қабылданатын басқарушылық және шаруашылық шешімдерді айқындау, қоршаған ортаны сауықтыру жөнінде ұсынымдар әзірлеу үшін қоршаған ортаға әсерді бағалау (ҚОӘБ) жүргізіледі. Бұдан басқа, әрбір жобаны жобалау сатысында мүдделі тараптар: әкімшілік, мемлекеттік және бақылаушы органдар, ғылыми-зерттеу ұйымдары, қоғамдық бірлестіктер, жергілікті халық, бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің қатысуымен қоғамдық тыңдаулар өткізіледі. Біз барлық мүдделі тараптардың ҚОӘБ жобаларымен танысуын, ескертулер мен ұсыныстарды қабылдау мен тіркеуді қамтамасыз етеміз.
"АМӨЗ" ЖШС соңғы 2 жылда келесі қоғамдық тыңдаулар өткізілді:
Барлық тиісті материалдармен (ҚОӘБ жобалары, қоғамдық тыңдаудың қорытындысы бойынша хаттамалар) atyrau.gov.kz сілтемесі бойынша танысуға болады.
Соңғы қоғамдық тыңдаулар булану алаңдарын қайта құру және резервуар салу жобаларын іске асыру бойынша өткізілді, оған мүдделі тұлғалар, сондай-ақ жетекші БАҚ өкілдері қатысты. Тыңдауда жобалардың қоршаған ортаға әсері, жоба аяқталғаннан кейін өңірдің экологиялық жағдайының жақсару мәселелері көтерілді. Сонымен қатар қоғам мүшелері зауыт басшылығына және мамандарына АМӨЗ-ның экологиялық саясаты, кәсіпорын қызметінің өңірге теріс әсерін төмендету бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы тікелей сұрақтар қойып және оларға құзыретті жауаптар алуға мүмкіндіктері болды.
2019 жылы "АМӨЗ" ЖШС TAZALYQ жобасымен таныстыру баспасөз конференциясын өткізді, оған 10 БАҚ өкілдері қатысты және оның нәтижелері бойынша орыс және қазақ тілдерінде 20 – дан астам жарияланым жарияланды, бұл Атырау облысы қоғамының жобаны және диалогқа ашық ұйым ретінде қабылдауына және зауыттың имиджіне оң әсерін тигізді.
Ашықтық және транспаренттілік саясатын ұстана отырып, 2020 жылдың 10 қазанында Жайық-Каспий Орхус орталығының алаңында АМӨЗ өкілдері мен Атырау қаласының қоғам өкілдерінің онлайн-конференциясы өтті, оның барысында зауыттың табиғатты қорғау қызметіндеқолданатын жаңа тәсілдері талқыланды. АМӨЗ модернизациясының арқасында қоршаған ортаға эмиссиялар визуалды сәйкестікті сақтай отырып, іс жүзінде қауіпсіз болды.
Бұдан басқа, эко-омбудсмен 2021 жылдың желтоқсан айында АМӨЗ бас директорының бірінші орынбасары – бас инженері Рахымжан Жанғабыловтың, зауыттың басқарушы директорларының, "ҚазМұнайГаз "ҰК" АҚ өкілдерінің, облыстық экология департаментінің, облыстық мәслихат депутаттарының, аймақтың экологиялық ҮЕҰ өкілдері, блогерлер, белсенділер және "Атырау облысы тұтынушылардың құқықтарын қорғау қоғамы" және т. б. қатысуымен ««АМӨЗ» ЖШС қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралар жоспарын орындау барысы туралы» қоғам алдында есеп беру кездесуін ұйымдастырды.
Осы іс-шараларды БАҚ-та кеңінен жария етудің, кәсіпорынның экологиялық жобаларының ашықтығы мен толық қолдауының арқасында өңірдегі әлеуметтік ахуал жақсарды, жұртшылықтың АМӨЗ-ге бейілділігі және тұтастай алғанда кәсіпорынның экологиялық саясатын түсінуі артты.
Сонымен қатар АМӨЗ халықаралық стандарттардың талаптарына және үздік корпоративтік тәжірибелерге сәйкес дайындалған 2020 жылға арналған жылдық есепті жариялады. Құжатта негізгі көрсеткіштер бойынша (өндіріс, қаржы, корпоративтік басқару мәселелері және т.б.) кәсіпорын қызметінің қорытындылары сипатталады.
Экологиялық тақырыптың өзектілігі мен маңыздылығына және бизнестің әлеуметтік жауапкершілігіне байланысты АМӨЗ жылдық есебінде қоршаған ортаны қорғау бойынша бөлім бар, онда компанияның осы бағыт бойынша түрлі жобаларды іске асыруы бойынша есеп ұсынылған.
Құжатпен АМӨЗ ресми сайтында "Есептер" бөлімінде танысуға болады: https://www.anpz.kz/kaz/reports/