Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің 13-тарауының 182-бабына сәйкес АМӨЗ өндірістік экологиялық бақылауды жүзеге асырады, оның мақсаты: қоршаған ортаның жай-күйін және оның шаруашылық және өзге де қызметтің әсерінен өзгеруін бақылау үшін табиғат пайдаланушы жүзеге асыратын шаралар жүйесі, қоршаған ортаны қорғау және сауықтыру, табиғи ресурстарды молықтыру және ұтымды пайдалану жөніндегі жоспарлар мен іс-шаралардың орындалуын тексеру, қоршаған ортаны қорғау заңдылығын, оның сапа нормативтері және өндірістік мониторингті, есепке алу, есеп беру, нәтижелерді құжаттау, сондай-ақ қоршаған ортаны қорғау саласында анықталған сәйкессіздіктерді жою жөніндегі шараларды қоса алғанда экологиялық талаптарды сақтау.
Кәсіпорынның шаруашылық қызметінің өндірістік экологиялық мониторингі өндірістік экологиялық бақылау бағдарламасы (ӨЭК), сондай-ақ атмосфералық ауа мен сарқынды суды талдамалық бақылау кестесі негізінде жүргізіледі. ӨЭК бағдарламасы мониторингтің келесі түрлерін қамтиды:
Өндірістік экологиялық бақылау (ӨЭК) деректері тоқсан сайын есеп түрінде Атырау облысының экология департаментіне жолданады. ӨЭК есептерімен келесі сілтеме бойынша танысуға болады: http://company.ecogov.kz/pek