Парниктік газдардың атмосфераға шығарындылары

Климаттың өзгеруі және парниктік газдар шығарындылары

"АМӨЗ" ЖШС — негізгі функциясы мұнайды бензинге, авиациялық керосинге, мазутқа, дизель отынына, мұнай коксына және мұнай химиясына арналған шикізатқа қайта өңдеу болып табылатын өнеркәсіптік кәсіпорын. Мұнайды өңдеу технологиялық қондырғыларда жүзеге асырылады: мұнайды бастапқы өңдеу (AT - атмосферная перегонка (атмосфералық айдау), АВТ - атмосферно-вакуумная перегонка (атмосфералық-вакуумдық айдау)), каталитикалық риформинг, каталитикалық крекинг, гидротазалау, изоселектоформинг, депарафинизация, битум өндірісі және т.б. Қондырғылардың негізгі жабдықтары: құбырлы пештер, ректификациялық колонналар, жылу алмасу аппараттары.

Мұнай өңдеу өнеркәсібі мұнай шикізатын пайдалану тиімділігін айқындайтын елдің бірыңғай отын-энергетикалық кешенінің маңызды буыны болып табылады.

Мұнай өңдеу зауыттары (МӨЗ) - отын-энергетикалық ресурстардың, оның ішінде қазандық-пеш отынының, жылу және электр энергиясының ірі тұтынушылары. Мұнайды өңдеу процесінде оларды пайдаланудың тиімділігі, ұтымдылығы көбінесе зауыттың технологиялық жабдықтарының жұмысымен анықталады.

Атмосфераға парниктік газдардың үлестік шығарындылары, өңделген мұнайдан мың тонна/жыл

2019 г.

2020 г.

2021 г.

0,31

0,35

0,32