1995 жылы құрылған тарих және еңбек даңқы залы зауыттың визит карточкасы болып табылады. Онда тарихи құжаттар, «Баджер және ұлдары» фирмасының көрнекті гроссбухтары (соның негізінде бұрын Кеңес Одағында көрмеген американдық жабдықтың құрастыру және тексеруі жүргізілген), қырығыншы жылдардан бастап фотосуреттер, жалаулар мен құрмет грамоталары сақталған. Дәл осында даңқты кәсіпорынның тұрақтану және даму тарихымен танысуға болады.
2020 жылы корпоративтік мұражай аясында "АМӨЗ" ЖШС мұражай-көрме кешенінің экспонаттық қатарын толық, нақты, мағыналы қабылдау үшін жағдай жасау мақсатында өндірістік, корпоративтік және әлеуметтік тақырыптарда "Мұрағат жобалау бюросы" ЖШҚ-мен жобалау жүргізілді. Корпоративтік мұражайлар жалпыадамзаттық мәдени мұраның бөлігі ретінде кәсіпорындардың қызметкерлерімен, отбасы мүшелерімен, кәсіпорындар орналасқан қалалардың тұрғындарымен, сондай-ақ корпоративтік мұражайлармен байланысты үнемі кеңейтеді және нығайтады, өз бағдарламаларын іске асыра отырып, өз аймағындағы әлеуметтік-мәдени жағдайға әсер ету үшін мүмкіндіктер ашады.
Тарих залының өз фотомұрағаты және бейнеқоры бар.
Зауыттың тарихы "Қазақстан мұнай өңдеу саласының тұңғышы" атты екі томдық кітапта бейнеленген, оның авторлары Ж.Е. Есенов және Е.Ж.Есенова болып табылады.