Мұнай өнімдерін өндіру және тасымалдау өндірістік нысаны - (бұдан әрі - МӨӨжәнеТ) - 1945 жылы пайдалануға берілді.
МӨӨжәнеТ -бұл мұнай мен мұнай өнімдерін өндіру, тасымалдау, сақтау, қабылдау және жөнелту өндірісі. Өндіріс құрамына резервуарлық парктер, мұнай өнімдерін құю және төгу эстакадалары, шикізат сорғылары, мұнай құю және мұнай өнімдерін құю сорғылары, жеңіл фракцияларды ұстау қондырғысы, автоцистерналарға мұнай өнімдерін құю блогы кіреді.
Цехтың негізгі жұмысы - қабылдау, сақтау және қондырғыларды магистральды мұнай құбырларымен келетін және вагон цистерналарымен әкелінетін шикізатпен қамтамасыз ету; технологиялық қондырғылардан алынатын мұнай өңдеу өнімдерін қабылдау және сақтау; тауарлық мұнай өнімдерін дайындау және сақтау; мұнай өнімдерін темір жол вагон цистерналарына тиеп жөнелту, тұтынушыларға мұнай өнімдерін құбыржолдар арқылы айдау болып табылады.
Өндірісте пайдаланылады: