Атырау мұнай өңдеу зауыты («АМӨЗ» ЖШС) — Қазақстанның жетекші үш мұнай өңдеу зауытының бірі. Ұлы Отан соғысы жылдары салынған және 1945 жылы пайдалануға берілген. Мұнай өңдеу зауытының иесі "ҚазМұнайГаз" ҰК " АҚ (99%) болып табылады. Өңдеу қуаттылығы жылына 5,5 млн тоннаны, өңдеу тереңдігі 86,4% - ды құрайды.
Кәсіпорын тауарлық мұнай өнімдерінің 20-дан астам түрін (таңбалауды қоса алғанда) шығарады: сұйытылған көмірсутекті газдар, автомобиль, дизель отыны, реактивті қозғалтқыштарға арналған отын, вакуумдық газойль, пеш отыны, мазут, мұнай кокстары, техникалық күкірт, параксилол, бензол және т. б. Бүгінгі таңда зауыт Қазақстандағы мұнай-химиялық өнімді шығаратын бірден-бір өндіруші болп табылады.
Кәсіпорын облыстағы ең ірі салық төлеушілердің бірі бола отырып, Атырау облысының экономикасына қомақты үлес қосуда.