«АМӨЗ» ЖШС-нің (бұдан әрі – АМӨЗ) сапаны, активтерді, еңбекті қорғауды және еңбек қауіпсіздігін, қоршаған ортаны қорғауды және энергия тиімділігі мен энергия үнемдеуді басқару саласындағы осы саясаты (бұдан әрі - біріктірілген менеджмент жүйесі, БМЖ) зауыт жұмыс істейтін бизнес-ортаны, сондай-ақ зауыт басшылығының БМЖ-ны дамыту және жұмыс күйінде ұстау және тұрақты жақсарту ниеттерін анықтайды.
Осы БМЖ саясаты негізгі (жалғыз) акционер – «ҚазМұнайГаз «ҰК» АҚ айқындайтын қызметтің стратегиялық бағытын қолдайды. АМӨЗ Республиканың барлық мұнай-газ саласының алдында тұрған мемлекеттік міндеттерді орындау үшін өзінің корпоративтік әлеуметтік жауапкершілігін сезінеді.
Бүгінгі күні «АМӨЗ» ЖШС ірі мұнай өңдеу зауыты болып табылады, ол:
Зауыттың ортасы мен ауқымының жоғарыда көрсетілген сипаттамалары АМӨЗ мақсаттары үшін негізді, сондай-ақ мынадай бағыттар бойынша БМЖ енгізу және қолдау қажеттілігін анықтайды:
Осы саясатты іске асыру мақсатында «АМӨЗ» ЖШС:
жыл сайынғы негізде БМЖ мақсаттары мен міндеттерін айқындайды.
Берілген мақсаттарға қол жеткізу АМӨЗ БМЖ-ны енгізу, жұмыс күйінде ұстау және үздіксіз жақсарту тәсілдерін сипаттайтын БМЖ жөніндегі нұсқаулықтың көмегімен жүзеге асырылады.
БМЖ-ны тұрақты жақсарту көрсетілген жүйелердің тұрақты мониторингілеумен, Саясат пен БМЖ жөніндегі нұсқаулықты мерзімді қайта қарау қажеттілігімен, сондай-ақ барлық мүдделі тараптардан кері байланыс алумен қамтамасыз етіледі.
Қойылған мақсаттарға жету және өз қызметін жүзеге асыру кезінде «АМӨЗ» ЖШС өзіне кәсіпорынды басқарудың келесі қағидаттарын қолдану міндеттемелерін алады:
«АМӨЗ» ЖШС-нің жоғары басшылығы осы Саясаттың мәлімделген міндеттемелерін іске асыру, ISO 9001:2015, ISO 14001:2015, ISO 45001: 2018, ISO 50001:2018 талаптарына сәйкес БМЖ-ны қолдау және тұрақты жақсарту үшін қажетті ресурстармен қамтамасыз етуде көшбасшылық пен бейілділікті көрсетеді.
«АМӨЗ» ЖШС-нің жоғары басшылығы осы Саясатты іске асыру, сондай-ақ сапа, активтерді басқару, еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы, қоршаған ортаны қорғау, энергия тиімділігі мен энергия үнемдеуді арттыру саласындағы мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізу, сондай-ақ осы Саясаттың жарамдылығына тұрақты талдау жасау және қажет болған жағдайда қайта қарау үшін жауапкершілікті өзіне алады.
Осы Саясат қолжетімді болып табылады және зауыт аумағында жалпыға ортақ қолжетімді жерде, сондай-ақ «АМӨЗ» ЖШС корпоративтік сайтында орналастырылуы тиіс. Осы Саясат бойынша кез келген сұрақтар жауапты тұлға – «АМӨЗ» ЖШС басшылығының зауыттағы БМЖ-ны үйлестіруші өкіліне (бұдан әрі – БМЖБӨ) жіберілуі мүмкін.