Мұнай коксын қыздыру қондырғысын 1989 жылы іске қосылды. Мұнай коксын қыздырудың технологиялық процесі шикі мұнай коксының құрамынан ұшып кететін компоненттер мен ылғалды жойып талапқа сәйкестендіріп, қыздырылған кокс алуға арналған.
Мұнай коксын қыздырудың импорттық қондырғысын «Маннесман» (Германия) фирмасы Москваның «ВНИПИнефть» институтымен бірігіп жасады.
Бас жобалаушысы Азгипронефтехим жобалау институты, Баку қаласы.
Шикі кокс өнімділігі жылына 140 мың тонна. Қыздырылған кокс шығарылады.
Қыздыру процесінде ұшпа заттар мен ылғал түгелдей жойылады, тығыздығы ұлғайып, электр өткізгіштігі мен механикалық тығыздығы ұлғаяды.
Коксты барабанды айналмалы пеште қыздырады, пештің ұзындығы 59,5 м., диаметрі 3,6 м., 4,17 0 бұрышында қондырылған. Болу уақыты (1-1,5 сағ.) барабанның айналу жылдамдығымен (0,6-1,2 айн./мин.) анықталады.
Қыздыру пеші ағынға қарсы принципімен жұмыс істейді – кокс, отынды жаққанда шығатын ұшпа өнімдер мен материалдардың иісінен пайда болатын, газ ағынына қарсы жылжиды.
Коксты 950-1300 0С-та қыздырады.
Айналмалы қыздыру пешін келесі зонаға бөлуге болады:
Дайын өнімнің сипаттамасы:
2013-14 жылдары "ИНТЕГРОПРОМ"компаниясының жобасы бойынша МКҚ қондырғысын қайта құру жүргізілді.Жабдықтың лицензиары және жеткізушісі - "Chalieco"қытайлық концерні. Өнімділікті жылына 178 мың тоннаға дейін арттыру мақсатында коксты қыздыру блоктары мен салқындату жүйесінің жабдықтарын ауыстыру және жаңғырту жүргізілді.
МКҚ қондырғысының құрамы: