Экологиялық бақылау құралдары пештер мен қазандықтардан шығатын түтін газдарындағы күкірт диоксиді, күйе, метан, азот оксидтері, көміртегі тотығының концентрациясын бақылап, талдау нәтижелерін автоматты түрде реттеуші органдарға жіберуге мүмкіндік береді. Деректер «Қоршаған орта мен табиғи ресурстардың жай-күйі туралы ұлттық деректер банкі» ақпараттық жүйесіне әр 20 минут сайын жіберіледі. Автоматтандырылған мониторинг жүйесін орнату шығарындылар көрсеткіштерін қадағалап қана қоймай, қажет болған жағдайда технологиялық режимді түзетуге көмектеседі.
Айта кету керек, зауытта 21 Технологиялық қондырғы жұмыс істейді, оның тек төртеуі ғана шығарындылардың негізгі көзі болып табылады және "өндірістік экологиялық бақылауды жүргізу кезінде қоршаған ортаға эмиссиялар мониторингінің автоматтандырылған жүйесін жүргізу қағидаларына" жатады (ҚР экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің 22.06.2021 ж. №208 бұйрығы). Осы ережелерге сәйкес автоматтандырылған мониторинг жүйесі атмосфераға 500 тонна және одан да көп шығарындыларды бөлетін орындарда орнатылуы тиіс.
Назад к списку новостей