Ақпараттық хабарлама

05.09.2024
361 просмотров
05.09.2024ж. сағ.16:00-де Атырау мұнай өңдеу зауытында бутендерді олигомеризациялау қондырғысы іске қосылды. Қазіргі кезде өндіріс штаттық режимде жұмыс істеп тұр.
Еске салайық 04.09.2024 ж. сағ.21:30-да Е — 1604-жылу алмастырғыш аппаратынан газ кетуі себебінен бутендерді олигомеризациялау қондырғысы тоқтатылды. Туындаған мәселені жою жоспарына сәйкес реактор блогы жүйесін газ қалдықтарынан алау құбырына тастау арқылы босату қажет болды. Алаудағы көмірсутек газы жанған кезде зиянды қоспалар түзілмейді. Құрамы бойынша бұл газ күнделікті өмірде қолданылатын тұрмыстық сұйытылған газға ұқсас. 

5 қыркүйек күні таңда газ жіберу фактісі жойылды. Кейін қондырғыны іске қосу жұмыстары жүргізілді. Сағат 16:00-де технологиялық қондырғы қалыпты өндірістік режимге шықты. 

Анықтама: 
Бутенді олигомеризациялаудың технологиялық қондырғысы сұйытылған мұнай газының қанықпаған қосылыстарын полимер бензин мен полимеркеросинге айналдыруға арналған. E-1604 жылу алмастырғыш аппараты — химиялық реакциялардың тиімді жүруі үшін қажетті температураны ұстап тұруға көмектеседі.

Назад к списку новостей

Соңғы жаңалықтармен таныс болыңыз.
Таратуға жазылыңыз!
Жазылу