Қоршаған ортаны қорғау мәселелері жөніндегі мәжіліс

31.01.2014
1308 просмотров

Атырау мұнай өңдеу зауытында цех және бөлім басшылары, учаскелердің экологиялық ахуалына жауапты тұлғалардың қатысуымен қоршаған ортаны қорғау мәселелері жөнінде мәжіліс болып өтті.

Мәжілісті еңбек, қоршаған ортаны қорғау және өндірістік қауіпсіздік департаментінің директоры А.Н. Бикбаев ашты. Күн тәртібіндегі бірінші мәселе «Қоршаған ортаны қорғау бойынша 2013 жылдың есебі» бойынша табиғат қорғау бөлімінің бастығы Ө.Уандықов баяндама жасады. Сондай-ақ, ол өз сөзінде 2014 жылы атқарылуы тиіс іс-шараларға да жекелей тоқталып өтті.

Келесі боп сөз алған табиғат қорғау бөлімі бастығының орынбасары Қ.Қыстаубаев слайдтар негізінде мұнай өңдеу және мұнай өнімдерін ауқымды күкіртсіздендіру өндірісінің санитарлық жағдайымен таныстырды.

Алдағы уақытта мұндай мәжілістер ай сайын өткізіліп, онда әрбір цех, бөлім және учаскенің санитарлық жағдайы баяндалып, олардың табиғат қорғау саласында атқарған жұмыстарының есебі тыңдалатын болады.

Назад к списку новостей

Соңғы жаңалықтармен таныс болыңыз.
Таратуға жазылыңыз!
Жазылу