ХАБАРЛАМА

06.08.2026
92 просмотров
ХАБАРЛАМА
Құрметті Серіктестікке Қатысушылар!
«Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы» ҚР Заңының 49-бабының 1-тармағына, «Атырау мұнай өңдеу зауыты» ЖШС (бұдан әрі – «АМӨЗ» ЖШС) Жарғысының 7-бабының 72-тармағына сәйкес, сырттай дауыс беру арқылы шешім қабылдау үшін «АМӨЗ» ЖШС қатысушылардың кезектен тыс Жалпы жиналысы шақырылады.
«АМӨЗ» ЖШС қатысушыларының кезектен тыс Жалпы жиналысының қарауына мынадай мәселе шығарылып отыр: АМӨЗ» ЖШС Бас директорының (Басқарма төрағасының) өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату, сайлау және өкілеттік мерзімін анықтау туралы.

Сырттай дауыс беру бюллетень нысаны бойынша жүргізіледі. Бюллетеньді anpz.kz немесе kmg.kz. сайтынан жүктеп алуға болады.

Бюллетеньдерді қатысушыларға беру күні: 2026 жылғы «06» тамыз.

Бюллетеньді қабылдауды аяқтау күні: 2026 жылғы «07» тамыз сағат 10:00-ге дейін.

Уәкілетті тұлға қол қойған дауыс беру бюллетенін ref@anpz.kz электрондық мекенжайына жіберуді, түпнұсқасын 060001, «АМӨЗ» ЖШС Атырау қаласы, Зейнолла Қабдолов даңғылы, 1-құрылыс мекенжайы бойынша
жолдауды сұраймыз.

Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша материалдарды 8 (7122) 259-699 немесе 8 (7172) 789081 телефоны арқылы алуға болады.

Бюллетень қоса беріледі.

Назад к списку новостей

Соңғы жаңалықтармен таныс болыңыз.
Таратуға жазылыңыз!
Жазылу