Атырау МӨЗ-нен жоспарлы алдын алу жұмыстары кезінде жанар-жағармай материалдары кестеге сай жөнелтілуде

17.10.2024
250 просмотров
Атырау МӨЗ-нен жоспарлы алдын алу жұмыстары кезінде жанар-жағармай материалдары кестеге сай жөнелтілуде
«Атырау мұнай өңдеу зауыты» ЖШС-де жоспарлы-алдын алу жұмыстары бекітілген кестеге сай жүргізілуде.

Бүгінде жабдықтарды тазалау, пештер мен реакторларды қаптау, тозған жабдықтар мен катализаторларды ауыстыру, колонна жабдығының ішкі құрылғыларын модификациялау және т.б. жұмыстар атқарылып жатыр. Қысыммен жұмыс істейтін түтіктерді тексеру мен қадағалау жөніндегі іс-шаралар жалғасуда.

Бұдан бұрын жиналған қор есебінен жоспарлы-алдын алу жұмыстары кезінде ҚР Энергетика министрлігінің кестесіне сәйкес бензин, дизель отыны, сұйытылған газ, авиаотын және басқа да мұнай өнімдері тұрақты әрі жүйелі жөнелтіліп жатыр.

Бүгінгі таңда зауыт резервуары паркінде мұнай өнімдері қорының көлемі мынадай: автобензин – 10,9 мың тонна; дизель отыны – 4,1 мың тонна, авиаотын – 2,4 мың тонна, сұйытылған газ – 100 тонна.

Қазіргі кезде Атырау мұнай өңдеу зауыты күніне орта есеппен 1,1 мың тонна автобензин, 1,2 мың тонна дизель отынын жөнелтіп отыр. Батыс Қазақстан облысының мұнай базаларында 2024 жылдың 16 қазандағы жағдай бойынша АИ-92 маркалы бензиннің 2,7 мың тоннасы сақталуда. Жолда шамамен 1,29 мың тонна өнім бар. АИ-92 жалпы көлемін (мұнай базасында + жолда) ескерсек, өңірде барлығы 3,98 мың тонна бензин бар, бұл шамамен екі апталық қорға тең.

Сондай-ақ ішкі нарықта тұрақты жағдайды сақтап тұру үшін ҚМГ-ның басқа мұнай өңдеу зауыттарында жанар-жағармай материалдарының жекелеген түрлерін өндіру көлемі ұлғайтылды. Айталық, «Павлодар мұнай-химия зауыты» ЖШС-нен және «ПҚОП» ЖШС-нен (Шымкент МӨЗ-і) күніне орта есеппен тиісінше автобензин – 4,2 мың және 7,4 мың тоннадан, дизель отыны – 7 мың және 5,5 мың тоннадан жөнелтіледі.

Бұған дейін хабарланғандай, Атырау мұнай өңдеу зауытында жоспарлы-алдын алу жұмыстары 2024 жылдың қазан айының соңында дейін аяқталып, кәсіпорын тұрақты технологиялық режимге шығады деп жоспарланып отыр.

Назад к списку новостей

Соңғы жаңалықтармен таныс болыңыз.
Таратуға жазылыңыз!
Жазылу