ҚР Үкіметі аппаратының өңірлік инспекторы А.Бегімбеков Атырау МӨЗ-ге келді

4 просмотров
ҚР Үкіметі аппаратының өңірлік инспекторы А.Бегімбеков Атырау МӨЗ-ге келді
Сапар барысында делегация зауыттың өндірістік нысандарын аралап, булану алаңдарының кәсіпорынға тиесілі бөлігіне барды.
Атырау МӨЗ бас директоры Мұратжан Мұсайбеков А.Бегімбековке зауытты жаңғыртудың негізгі кезеңдері мен ауқымды экологиялық Tazalyq жобасын іске асыру нәтижелері туралы ақпарат берді. Атап айтқанда, механикалық тазарту құрылыстары мен нормативтік тазартылған ағынды сулар каналын реконструкциялау, сондай-ақ булану алаңдарының 1–2 секторларын рекультивациялау жұмыстарының нәтижелері таныстырылды.

Кездесу барысында зауыттың қоршаған ортаға әсерін нақты уақыт режимінде бақылауға мүмкіндік беретін экологиялық мониторинг жүйесінің жұмысына да ерекше назар аударылды.

Кәсіпорын мамандары делегацияны өндірістің қоршаған ортаға әсерін азайту бойынша жоспарлармен де таныстырды. Олардың қатарында Жайық өзенінен алынатын су көлемі мен булану алаңдарына жіберілетін ағынды су көлемін азайту жобалары бар. Судың бір бөлігін өндірістік процестерде қайта пайдалану көзделіп отыр. Сонымен қатар булану алаңдарының 3–4 секторларын рекультивациялау, жаңа булану тоғанын салу және технологиялық қондырғыларды одан әрі жаңғырту жоспарланған.


«Атырау мұнай өңдеу зауыты» ЖШС баспасөз қызметі

Назад к списку новостей

Соңғы жаңалықтармен таныс болыңыз.
Таратуға жазылыңыз!
Жазылу