Атырау МӨЗ – ҚМГ спартакиадасының үздіктері қатарында

16.06.2026
208 просмотров
Атырау МӨЗ – ҚМГ спартакиадасының үздіктері қатарында
Астанада «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ компаниялар тобының дәстүрлі спартакиадасы мәресіне жетті. Биыл додаға ҚМГ-нің 39 еншілес және тәуелді ұйымынан 900-ден астам қызметкер қатысты.
Атырау мұнай өңдеу зауытының намысын футзал, баскетбол, волейбол, киберспорт, шахмат, жүзу, тоғызқұмалақ, асық ату, бес асық, арқан тарту, жеңіл атлетика және қол күресі секілді 12 спорт түрінен сынға түскен 60-тан астам спортшы қорғады. 

Зауыт спортшылары жоғары командалық рух пен ұйымшылдықтың айқын үлгісін көрсете білді. Әр жарыста бар күш-жігерін салып, жоғары нәтиже үшін табанды күрескен олар турнирдің ең мықты қатысушыларының қатарында екенін дәлелдеді.

Жарыс қорытындысы бойынша Атырау МӨЗ командасының қоржынында әртүрлі дәрежедегі 7 медаль бар. Алтын жүлделерді тоғызқұмалақшы Анар Кумарова мен әйелдер волейбол құрамасы жеңіп алды. Киберспортшылар күміс жүлдеге ие болды. Ал қола медальдарды ерлер баскетбол құрамасы, жүзуші Өмірбек Харесов, сондай-ақ шахматшылар Гүлнұр Төлеуова мен Тұрар Шаймардан иеленді.

Зауыт спортшылары жеке номинацияларда да топ жарып, футзалшы Артур Галиев пен баскетболшы Жалғас Нұрғалиев турнирдің үздік сұрмергендері атанды.

Айта кетейік, Атырау МӨЗ жұмысшылары ҚМГ спартакиадасының тұрақты қатысушылары әрі жүлдегерлері. Кәсіпорында салауатты өмір салтын насихаттауға ерекше көңіл бөлінеді. Бұл мақсатта зауыт қызметкерлері және ардагерлерінің қатысуымен түрлі спорттық іс-шаралар өткізіліп тұрады.


«Атырау мұнай өңдеу зауыты» ЖШС баспасөз қызметі

Назад к списку новостей

Соңғы жаңалықтармен таныс болыңыз.
Таратуға жазылыңыз!
Жазылу