Жоспарлы алдын алу жұмыстары жабдықтардың сенімділігін, технологиялық процестердің тұрақтылығын қамтамасыз етуге және өндірістің жалпы тиімділігін арттыруға бағытталған.
Атқарылатын жұмыстар аясында зауыт жабдықтарына міндетті техникалық куәландыру мен сараптамалар жүргізу көзделген. Атап айтқанда, 1 174 қысыммен жұмыс істейтін ыдыс пен аппарат, 46 пеш және 1 458 технологиялық құбыр желісіне тексеру жасалады. Бірқатар қондырғыда 316 тоннадан астам катализатор ауыстырылатын болады. Сонымен қатар, реакторларды жөндеу, колонналардың ішкі құрылғыларын жаңарту және басқа да аса күрделі технологиялық жұмыстар жүргізіледі.
Іс-шара кезінде еңбекті қорғау, өнеркәсіп және өрт қауіпсіздігіне ерекше көңіл бөлінеді. Жалпы жөндеу жұмыстарына 1 800-ден астам маман және 62 бірлік арнайы техника жұмылдырылады.
Жоспарлы алдын алу жұмыстары барысында мұнай өнімдерін жөнелту жинақталған қор есебінен Энергетика министрлігімен келісілген кестеге сәйкес жүргізіледі. Бүгінде зауыттың резервуарлық паркінде жинақталған отын көлемі: автобензин – 37 мың тонна, дизель отыны – 30 мың тонна, авиаотын – 6,8 мың тонна. Зауытта жинақталған бұл қор жоспарлы алдын алу жұмыстары кезінде Қазақстанның батыс өңірлеріне мұнай өнімдерінің біркелкі әрі уақтылы жөнелтуін қамтамасыз етеді.
25 қазаннан бастап технологиялық қондырғыларды кезең-кезеңімен іске қосу жоспарланған.
Назад к списку новостей