Мектепке жол: 400-ге жуық балаға көмек көрсетілді

28.08.2023
1506 просмотров
Мектепке жол: 400-ге жуық балаға көмек көрсетілді
«Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобы биыл «Жақсылық жаса» ұранымен өткізіліп жатқан «Мектепке жол» республикалық қайырымдылық акциясына белсенді қатысты.

Ұлттық әл-ауқат қорының бастамасымен Атырау мұнай өңдеу зауытының қызметкерлері Махамбет, Исатай, Қызылқоға және Құрманғазы аудандарындағы осал топқа жататын отбасылардан шыққан 320-дан астам бүлдіршінге оқу құралдары салынған сөмке табыстады. Іс-шараға қатысқан ата-аналар компания басшылығына алғыстарын жеткізіп, қызметте табыс тілесті.
Қайырымдылық эстафетасы АМӨЗ-де жалғасты. Кәсіпорынның оқу орталығына көп балалы және аз қамтылған отбасылардан шыққан 50-ден астам бүлдіршін жиналды. Зауыт мамандары бастауыш сыныптарда оқитын 15 балаға оқу құралдарына толы сөмке, ал жоғары сыныпқа баратын 38 оқушыға «Детский мир» дүкеніне сертификат үлестірді. Персоналды басқару және еңбекақы төлеу департаментінің директоры Гүлнәр Достанова жеткіншектерді оқу жылының басталуымен құттықтап, оқуда озат болып, еліміздің өркендеуіне үлес қосатын азамат атануды тіледі. 
Дәстүрлі қайырымдылық науқанынан зауыттың Amanat бастауыш партия ұйымы да тыс қалған жоқ. Ұйым төрайымы Бақыт Өтебалы әлеуметтік аз қамтылған 15 балаға ақшалай сертификат табыс етті.
Сондай-ақ АМӨЗ қызметкерлерін әлеуметтік қолдау Ережелеріне сәйкес мектеп жасындағы балалары бар 1 000-нан астам зауыттыққа біржолғы материалдық көмек көрсетілді. Әлеуметтік қолдау бағдарламасы 1 700-ден астам баланы қамтыды.

Назад к списку новостей

Соңғы жаңалықтармен таныс болыңыз.
Таратуға жазылыңыз!
Жазылу