Ақ Жайық бойындағы ғажайып саяхат

02.08.2016
1960 просмотров
Атырау мұнай өңдеу зауытының ардагерлер Кеңесінің құрылғанына 25 жыл толуына орай кәсіпорын басшылығы зейнеткерлерге Жайық бойымен естен кетпес саяхат-серуен ұйымдастырды. Бұған дейін зейнеткерлер зауыт басшылығы қолдауымен Хан ордалы Сарайшыққа саяхат жасаған болатын. Енді ардагерлер 10 күн бойы арнайы жолаушылар теплоходында лек-легімен Жайық бойымен саяхат-серуенге шығады. Алғашқы зейнеткерлер легі тамылжыған тамыздың алғашқы күні кемеге мінді.
Зейнеткерлер теплоходқа Атырау қаласының Орталық көпірі маңында отырып, қаланы бойлай ағып жатқан Жайық өзені бойымен теңізге құяр сағасына қарай саяхат жасады. Алғашқы лекпен келген ардагерлер өте риза болып, Ақ Жайықтан айналаға көз тігіп өзеннің сұлулығына, екі жақ жағалаудағы Атыраудың зәулім ғимараттары мен тұрғын үйлерінің келбетін айтып бөлісіп жатты. Бәріне де өзен суының көңіл-күйлерін көтеруге жақсы әсер еткені байқалып тұрды. Кемеде серуен құрған ардагерлерге саяхатпен қоса, мәдени-көпшілік шаралар да қатар ұйымдастырылды. Зейнеткерлердің серуенге шыққан алғашқы легімен «Атырау МӨЗ» ЖШС Бас директорының орынбасары Азмат Акишев те бірге болып, Бас директор Қайрат Оразбаевтың атынан құттықтауын жеткізді: «- Құрметті ардагерлер! Зауытымызда Ардагерлер кеңесінің құрылғанына 25 жыл толып отыр. Былай қарағанда көп уақыт болмағанымен, ширек ғасыр дегеніміз жетістікті көрсететін кезең. Осынау жылдар ішінде біздің зейнеткерлер қоғамы Тәуелсіздікпен бірге жасасты. Осы егемендігіміздің алғашқы жылдарында кәсіпорын басқа да қаладағы өндірістер сияқты қиындықты, дағдарысты бастан өткеріп жатқанда, зейнеткерлердің мүддесін қорғады. Ешқандай ардагеріміз әлеуметтік жағынан мұқтаждық көрген жоқ. Зауыт қиындыққа қарамастан өндірісін дамытты. Осында жиналғандардың ішінде сол жылдары еңбек еткен, бүгінде құрметті демалысқа шыққан зейнеткерлеріміз бар. Олар бәрін бастан өткерді. Енді міне, кәсіпорын ұлғайып, жаңа жаңғыртулар жүзеге асырылып жатыр. Зауытымыз тұрақты өндірістік қуатымен жұмыс істейді. Биыл Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығы, Сіздердің де қоғамның 25 жылдық тойы. Осыны есекеріп, зауыт басшылығы зейнеткерлерге осында й өзен бойымен саяхат ұйымдастырып отыр. Бұл саяхатқа кезегімен барлық зейнеткер қамтылатын болады. Сіздерді зауыттың бас директоры Қайрат Құлымұлының атынан құттықтай отырып, саяхаттарыңызға сәттілік тілеймін!» Азамат Акишев осы шара барысында зауыт зейнеткерлер қоғамына 25 жылдық мерейтоймен құттықтаған бас директордың арнайы құттықтау хатын табыстады. Зейнеткерлер қоғамында әдебиет үйірмесіне жетекшілік ететін Вера Павленко өзі шығарған «Ардагерлер» өлеңін оқып берді. Өзен бойымен саяхат барысында қариялар етеліктерін айтты, қосылып ән шырқады. 70 жыл бұрын зауыттың бастауында құруға қатысқан, бүгінде о дүниелік болған соғыс ардагерлерін-майдангерлерді бір сәт үнсіздікпен еске алды. Саяхатта әрбір зейнеткердің өз айтары бар екені есекеріліп, бәріне де сөз берілді. Естеліктері тыңдалды. Зауыттың кәсіподақ Комитеті төрағасы Кенжебек Шахметов: «Қадірмеді біздің асыл зейнеткерлер! Зауыт ұжымы Сіздердің құрметті демалыстарыңыздың мәнді де сәнді өтуіне қашанда атсалысып келеді. Бұл Жайық өзені бойымен саяхат та соның бір көрінісі. Болашақта да біз осындай мәдени-көпшілік шараларды барынша кең түрде ұйымдастыруға жұмыстанатын боламыз»,-деді. Теплоходта ән салып, би билеп көңілдерін көтерген зейнеткерлер де зауыт ұжымына, басшылығына ризашылықтарын білдіріп жатты. Осы шара барысында белсенді зейнеткерлерге Бас директордың арнайы «Құттықтау хаттары» табысталды. Барша ардагерге сыйлықтар үлестірілді. Әсерлі саяхат кемеде жайылған ақ дастархан басындағы ізгі тілектермен жалғасты.

Назад к списку новостей

Соңғы жаңалықтармен таныс болыңыз.
Таратуға жазылыңыз!
Жазылу