Компания туралы
Бос орындар
Баспасөз орталығы
Комплаенс
ОМБУДСМЕН
Компания туралы
Компания туралы
Компания басшылары
Тарих
Марапаттар
Экология және қауіпсіздік
Сапа, еңбекті және қоршаған ортаны қорғау саласындағы саясат
Қоршаған ортаны қорғау
Энергия тиімділігі бағдарламасы
Атмосфераға ластаушы заттардың шығарындылары
Парниктік газдардың атмосфераға шығарындылары
Өндіріс және тұтыну қалдықтарын басқару
Қоршаған ортаға әсерді бағалау
Өндірістік экологиялық мониторинг
Компанияның жеке (өндірістік) қажеттіліктеріне су тұтыну және су бұру
Еңбекті қорғау
Өрт қауіпсіздігі
Өнеркәсіптік қауіпсіздік
TAZALYQ жобасы
Өнім
Өндіріс
Жалпы өсімдік шаруашылығы
Хош иісті көмірсутектерді өндіру кешені
Гидрогенизациялық процестер өндірісі
Мұнайды терең өңдеу өндірісі
Мұнай өнімдерін өндіру және тасымалдау өндірістік нысаны
ПКИС
ППНГО
Жылу және электр энергиясы өндірісі
Зауыттың орталық зертханасы
ISO
Мақсаттары мен міндеттері
«АМӨЗ» ЖШС-нің саясаты
Сертификаттар
Әлеуметтік сала
Тұрғын үй құрылысы
Медицина орталық
Медициналық сақтандыру бағдарламасы
Балалар демалысы
Оқыту
Асханалар
Ардагерлерге қамқорлық
Тарих және еңбек даңқтары залы
Техникалық кітапхана
Мәдени-көпшілік шара
Әлеуметтік қолдау
Спорттық жұмыс
Активтер
Сатып алулар
Жылдық сатып алулар жоспары
Ұзақ мерзімді
сатып алулар жоспары
Нормативтік құжаттар
Қосымша ақпараттар
Мұрағат
Сатып алулар
Модернизациялау
«Мұнайды терең өңдеу кешенінің құрылысы» жобасын іске асыру
«Хош иісті көмірсутектерді өндіру кешені» жобасын іске асыру
Идеялар банкі
Блог
Жазбаша өтініштер
Негізгі қуатқа қол жеткізу
Мұнай өнімдерін өткізу жөніндегі негізгі қуатқа қол жеткізу
Компания туралы
Бос орындар
Баспасөз орталығы
Комплаенс
ОМБУДСМЕН
Рус
Қаз
Eng
Негізгі
Баспасөз орталығы
Жаңалықтар
Ұрпақтар сабақтастығының дәнекері
Ұрпақтар сабақтастығының дәнекері
27.07.2016
1780 просмотров
Ол әкесінен шопан таяғын ұстап қалғандай, зауыттағы жолын жалғастырушы. 1974 жылы, яғни 18 жасында зауытқа әкесіне еріп келгенде бәрі де Жақсылықтың баласы деп жылы қабылдаған. Содан бері де 40 жылдан астам уақыт өтіпті. Мұрты тебіндеп зауыт табалдырғын имене аттаған бозбала бүгінде асқаралы 60 жасқа толыпты. ППНГО дәнекерлеушісі Ильяс Қалмурзиев зауытта өткен саналы ғұмырын ұрпақтар сабақтастығына балайды.
Ильяс Қалмурзиевтің әкесі Жақсылық Қалмурзиев бар өмірін мұнай өңдеу зауытына арнаған жан. Кәсіпорынның екінші цехында табан аудармастан бірнеше ондаған жылдар слесарь болып жұмыс жасады. Айналасына жайдары, жасымен де кәрімен де тіл табысқыш адам болған екен. Балаларын еңбекқорлыққа тәрбиеледі. Ол батырып ештеңе айтпаса да, қарапайым еңбек адамының құрметті екенін, ел алдында беделді екенін ұқтыратын. Зейнет жасына жақындағанда алдымен әкесі Ильястың ағасы Сайынды зауытқа әкеп жұмысқа тұрғызады. Одан соң, 18 жасқа толысымен өзін де зауытқа әкелді. Дәнекерлеуші мамандығы бар оған шаруа жетіп артылатын. Шаршаған жоқ, жұмысын тыңғылықты атқарды. Темір екеш темірге жан бітіретін майталман болып қалыптасты. Қолына алған істі тындырмай тыншымайтын. Осының арқасында ұжымына сыйлы болды, басшылықтан талай марапаттаулар алды. Марапатқа масайған емес, Ильяс Қалмурзиев қарапайымдылығымен, еңбекке құштарлығымен жастарды осы кәсіпке тарта білді. Әрине, жұмысы қауіп-қатерге толы. Дегенмен, өз мамандығыма деген жауапкершілік арқасында әр істе бойымды үрейден, қорқыныштан аулақ ұстап, сабырлы болуға тырысамын, — дейді ол. Қай мамандықтың та оңайы жоқ. Әрқайсысының да өзіне тән бейнеті мен зейнеті бар. Сол себепті де алдына келетін жастардың мамандық таңдауда әбден ойланып, қолынан келетін істің тізгінін ұстағанын қалайды. Ол біз әңгімелескен 15-20 минуттың ішінде жұмысынан қол үзген жоқ. Жұмысын тындыра жүріп сұрағымызға жауап береді. Дәнекерлеуші аппаратын ұқыптылықпен пайдаланады. Қауіпсіздік ережесін де қатаң сақтайтыны көрініп-ақ тұр. Оны сан жылдар бойғы дағдыдан деп түсіндік.
«- 40 жылдан астам уақыт өтіпті, зауытқа жұмысқа келгелі. Зымырап өте шыққан уақыт-ай... 60 жасқа келгенімді ұжымдастарым, зауыттықтар елеп, ескеріп жатыр. Мерейтойлық жасқа шыққанымды да білмей қалыппын. Былай қарағанда осы зауытпен жасасып келе жатқандаймын. Бүгінде ескі зауыт жаңғырып, жаңа өндірістер ашылып жатыр. Оның құрылысына, темір бұйымыдарын дәнекерлеуге біздің мамандық қашанда сұраныста. Сондықтан да барымды салып қызмет ете бермекпін»,-дейді майталман.
Айтқандай, Ильяс Қалмурзиев жастайынан спортты жанына серік еткен жан. Стол теннисімен айналысуға әлі күнге дейін аптасына екі күнін арнайды. Ұжымға қосылған жастарды да қасына алуды ұмытқан емес. Стол теннисімен қатар, шахмат-дойбыдан да бақ сынап жүр. Жуырда ардагерлер арасындағы дойбыдан облыстық сайыста екінші жүлделі орынды иеленді. «ҚазМұнайГаз-өңдеу-маркетинг» АҚ ұйымдастыратын дәстүрлі «Ақ Бұлақ» сауықтыру орталығындағы спорттық сайыстарға дойбыдан қатысып жүр.
Мерейгер Ильяс Қалмурзиев зайыбы Зарипа Қалмурзиевамен екі қыз тәрбиелеп өсірді, ұзатты. Бүгінде олар бір-бір шаңырақты ұстап, түтінін түтетіп отыр. Осылайша, И.Қалмұрзиев ерінбей еңбек қылғанның қашанда несібесі мол болмақ екенін дәлелдеген жан…
Поделиться в социальных сетях:
Назад к списку новостей
Жаңалықтар
Сурет галереясы
Бейне галереясы
Корпоративтік БАҚ
Барлығы
AMOZ Alemi газеті
Еңбек адамы
Соңғы жаңалықтармен таныс болыңыз.
Таратуға жазылыңыз!
Жазылу
Таратуға жазылу
Email
*
Жазылу
Закрыть
Жеке кабинетке кіру
Логин
Құпиясөз
Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?
немесе
тіркелу
Парольді қалпына келтіру
E-Mail:
*