Мансұр Бітімәлиев: «Алға қойған мақсатқа қол жеткізу қажет»

25.01.2017

Мансұр Бітімәлиев: «Алға қойған мақсатқа қол жеткізу қажет»

Ол зауытқа 2005 жылы «жапондық реконструкциялау» кезеңінде келді. Екі жоғары оқу орнының дипломы бар экономист және мұнай мен газ кен орындарының өндірушісі Мансұр күкірт өндіру қондырғысына оператор болып жіберілді. Жасұлан Түлеуов басшылық еткен ұжым жаңадан келген маманды жылы қабылдап, Мансұр жұмысқа тез арада сіңісіп кетті. Оның арманы орындала бастады деп айтуға – мұнай өндірушісі болып, АМӨЗ-де жұмыс істеу. Еңбек етуге ынтасы, жан-жақты дамуға құлшынысы Мансұрдың негізгі қозғаушы күштеріне айналды. 

«Бұл ғана емес, жетекшілерім де жақсы болады. Аға оператор болып еңбек еткен Александр Гордеев, тәжірибесі мол оператор Жамбыл Таиров, ол технологиялық схема бойынша жұмыс істеуге үйретті, бәрін көрсетіп, түсіндіріп отыратын, - деп Мансұр есіне алды. - 2007 жылы мені бензин және дизель отынын гидротазалау жөніндегі құрамдастырылған қондырғының изомеризация секциясына ауыстырды, оның жұмысы КӨҚ-тен айтарлықтай өзгеше. Күкірт өндіру қондырғысында біз газды өңдесек, мұнда мұнай өңдеудің қайталама процесі жүреді».

Бензин және дизель отынын гидротазалау жөніндегі құрамдастырылған қондырғыдағы жұмыспен бірге Мансұрдың өмірінде жаңа кезең бастау алды. Бригадада, ауысыммен жұмыс істеді, әрине, жаңа жұмыс барысында тағы да жақсы адамдарды жолықтырды. 

«Машинист Самат Күбиев динамикалық жабдықтар бойынша үйретті. Ол кезде аға оператор, бүгінде ауысым бастығы Жеңісбек Ісмағұлов, гидротазалау операторы Виктор Константинов та өз білімдерімен бөлісетін. Ол кездегі ауысым бастығы Рүстем Жетпісқалиұлы Бисалиев сауатты ғана емес, парасаты әрі дана басшы болды, ол кісінің менің өмірімде алатын орны ерекше», - деп бөлісті Мансұр Бітімәлиев. 

Көп ұзамай Мансұрды АӨК-ке аға оператор ретінде жіберді. Жаңа өндіріс оның жұмыс мансабында жоғарылаудың кезекті баспалдағы болды. Кейін мұнай өңдеу және мұнай өнімдерін терең күкіртсіздендіру бөліміне технолог болып қайтып барды. Одан кейін бензин және дизель отынын гидротазалау жөніндегі құрамдастырылған қондырғы бастығының орынбасары, кейін тағы да қайталама процестер бойынша мұнай өңдеу және мұнай өнімдерін терең күкіртсіздендіру бөліміне технолог болып орналасты, енді, міне, бір жылға жуық ол – қайталама процестер бойынша мұнай өңдеу және мұнай өнімдерін терең күкіртсіздендіру бөлімі бастығының орынбасары. 

Көп сөйлемейтін Мансұр өзі жайлы емес, зауыт өмірі туралы әңгіме қозғалса, жігерлене сөйлей бастайды. Өндіріс жөнінде айтса, дауысы ерекшеленіп кетеді. «Бүгінгі күні мұнай өңдеу процесі толығымен дерлік автоматтандырылған. Барлығы монитордан бақыланады, бұзушылықтар бірден жойылады. Көп жұмыс компьютер көмегімен басқарылады. Бұл белгілі бір дәрежеде еңбекті жеңілдетеді, жүгірісті азайтады, алайда, визуалдық бақылау талап етіледі. Қондырғыларды жүйелі түрде қарап шығу, талдауға алынатын өнімдердің іріктелуін бақылау да міндетті. Біліміңді тұрақты түрде жетілдіру де міндетті болып табылады. Өйткені зауытта үнемі өзгерістер болып тұрады. Қазір біз мұнай өнімдерін ғана емес, мұнай-химия өнімдерін де шығарамыз. Жаңа технологиялар процеске белсенді енгізілуде, біз оларды игеруіміз қажет. Мен мұнда жұмыс істеуге үлкен құлшыныспен келдім, содан болар, бірден зауытқа сіңісіп кеттім, зауыт менің өмірімнің ажырамас бөлігіне айналды. Еңбек адамды көркейтеді. Кәсіби тұрғыда ғана емес, адамның жеке мәртебесі бе өседі», - деп пайымдайды Мансұр. 

Миллиондаған адамдардың сияқты Мансұрдың да көкейкесті арманы бар, біздің кейіпкер оның міндетті түрде орындалатынын сенімді. Тек оған сену керек.


Количество показов: 13262

Возврат к списку

Соңғы жаңалықтармен таныс болыңыз.
Таратуға жазылыңыз!
Жазылу