ЭЛТҚ АТ-2 қондырғысы

ЭЛТҚ АТ-2 қондырғысын Американың «Баджер и сыновья» фирмасы құрастырып, термикалық крекинг блогын қосып 1945 жылы қолданысқа берілген. 1970 жылы мұнай өңдеу мен өнім құмырасын дайындығын жақсарту мақсатында қолданыстағы «Петрико» тұзсыздандыру қуатына қосымша ЭЛТҚ 10/6 блогы өндіріске енгізілді. Әр қайсысының мөлшері 600 м куб Э-1, Э-2 екі сфералық электродегидраторларда тұзсыздандырудың жаңа қуаттары мұнай дайындаудың сапасын жақсартты, сондай-ақ тікелей айдау блогында өнімділікті арттырды.

1986 жылы ескіріп тозығының жетуіне байланысты термикалық крекинг блогы өндірістен шығарылды. АТ-2 секциясы мұнайды қыздыру, буландыру, фракциялау мен дистилляттардың буларын шоғырландыру арқылы тұзсыздандыру мен суын бөлуге арналған. 2006 жылы 1,0 млн тонна Теңгіз мұнайын өңдеу үшін және қондырғыны қауіпсіздіктің жалпы ережелеріне (ВУПП-88). сәйкестендіру үшін қондырғыға қайта құрылымдау (реконструкция) жүргізілді.

Реконструкциялаудың нәтижесінде ЭЛТҚ АТ-2 қондырғысының қуаты мұнай өңдеу өнімділігін жылына 2,0 млн тоннаға арттырды. Реконструкциялаудан кейін бақылау мен басқару технологиялық режимін Центум – 3000 (Жапония) Таратылған басқару жүйесі іске асырады.

ЭЛТҚ АТ-2 қондырғысының құрамына сондай-ақ газореагенттік шаруашылық блогы (ГРШ)кіреді

Газореагенттік шаруашылық блогы келесі мақсаттарға арналған:

  • отын газдарын жинау, біріктіру және ретке келтіру;
  • қажетті концентрациядағы күйдіргіш натрий ерітінділерін төгу, сақтау, дайындау және дайындалған ерітінділерді зауыттың технологиялық қондырғыларына тарату. Титул 3224/1,2.

АТ қондырғысы арқылы мынадай өнімдер алынады:

  • тікелей айдалған бензин;
  • дизель отынының құрамдасы;
  • мазут;
  • көмірсутекті газ.