Делегация құрамында С.Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университетінің (АтМГУ) ректоры Гүлзада Шакуликова, Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің ғылым және халықаралық байланыстар жөніндегі проректоры Қансұлу Утепкалиева, Ядролық физика институтының бас директоры Саябек Сахиев, «Казгидрогеология» ұлттық гидрогеологиялық қызметінің Атырау филиалының директоры Нұргүл Сабурова, индустриалды комитеттің бас сарапшысы және АтМГУ профессоры Айгүл Буканова, Геология, геофизика және геохимия орталығының жетекшісі Алексей Горин болды.
Қонақтар алдымен өндірістік аймақтарды аралап, жаңартылған механикалық тазарту қондырғылары мен биологиялық тазарту станциясының жұмысы туралы ақпарат алды. Ары қарай делегация зауыттағы технологиялық процестермен және кәсіпорынның инфрақұрылымымен танысты.
Конференция залында өткен жиында Энергетика министрлігінің Ядролық физика институтының жобалары таныстырылды. Бұл жобалар өндіріске пайдалы болуы мүмкін. Институттың бас директоры Саябек Сахиев Қазақстан экономикасы үшін атом электр станциясын салудың маңызды екенін айтып, жиналғандарды 6 қазанға белгіленген АЭС салу бойынша референдумға белсенді қатысуға шақырды.
"Атомдық технологиялардан қорқудың қажеті жоқ. Бұл даму мен техникалық прогрестің көрсеткіші", - деді С.Сахиев.
Бұдан бөлек, жиында ластанған суларды тазалау үшін жаңа флокулянттар мен коагулянттар өндіру жобасы да талқыланды. Кездесу соңында Атырау мұнай өңдеу зауытының бас директоры Ғалымжан Жусанбаев ғылыми қауымдастық өнеркәсіптік өндіріс арасындағы ынтымақтастықты нығайту үшін жүйелі түрде семинарлар мен конференциялар өткізуді ұсынды.
Back to news list