Атырау мұнай өңдеу зауытында қазан айында жоспарлы алдын алу жұмыстары жүргізілетін болады

17.09.2024
544 views
Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы «Азаматтық қорғау туралы» заңының талаптарына, сондай-ақ ҚР Энергетика министрлігі бекіткен жоспар-кестесіне сәйкес Атырау мұнай өңдеу зауытында биыл 1 қазаннан бастап жоспарлы алдын алу жұмыстары жүргізілетін болады.
Жоспарлы алдын алу жұмыстары – бұл технологиялық қондырғылардың алдағы уақытта да қауіпсіз қызметін қамтамасыз ету, жабдықтың тұрақты жұмыс істеуін қадағалау және өндіріс тиімділігін арттыру үшін мұнай өңдеу зауытында өткізілетін қалыпты процедура. Жоспарлы алдын алу жұмыстары кезінде АМӨЗ-де технологиялық жабдықтар мен құбырлардың өнеркәсіптік қауіпсіздігін техникалық куәландыру, тексеру және сараптау жөніндегі іс-шаралар кешенін жүргізу жоспарланған. 

Сондай-ақ зауыт тоқтаған кезде реакторлық жабдықтың катализаторларын ауыстыру жоспарланған. Жоспарлы алдын алу жұмыстарына 2000-нан астам қызметкер, 70-ке жуық арнайы техника жұмылдырылатын болады.
Жанар-жағармай материалдарының ішкі нарығындағы тұрақты жағдайын сақтап тұру мақсатында АМӨЗ-де мұнай өнімдерінің бүкіл желісі бойынша жеткілікті қор көлемі жинақталып жатыр. Мұнай өнімдері ҚР Энергетика министрлігінің жеткізу кестесіне сай ішкі нарыққа біркелкі жөнелтілетін болады. 

Сонымен қатар Павлодар мұнай-химия зауыты және Шымкент МӨЗ-і мұнай өнімдерінің өндірісін штаттық режимде жалғастырады.

Back to news list

Keep up with the latest news.
Subscribe newsletter!
Subscribe