Мұнай өңдеушілер Президент Жолдауын талқылады

16.11.2026
59 views
Мұнай өңдеушілер Президент Жолдауын талқылады
2026 жылғы 13 қарашада «Әділет» партиясы облыстық филиалының өкілдері Атырау мұнай өңдеу зауытының (Атырау МӨЗ) ұжымымен кездесті.

2026 жылғы 13 қарашада «Әділет» партиясы облыстық филиалының өкілдері Атырау мұнай өңдеу зауытының (Атырау МӨЗ) ұжымымен кездесті.

Кездесуде Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Жолдауында белгіленген басым бағыттар түсіндіріліп, талқыланды.

«Әділет» партиясы Атырау облыстық филиалының төрағасы Болат Қонарбай өндірісті жаңғырту, экономиканы әртараптандыру және еңбек өнімділігін арттыру жөніндегі міндеттерге тоқталды. Сондай-ақ бұл бастамаларды жүзеге асыруда өндіріс орындарының маңызын атап өтті.

Атырау МӨЗ бас директоры Мұратжан Мұсайбеков кәсіпорында Мемлекет басшысы айқындаған міндеттер аясында атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталып өтті.

«Зауытта предиктивті аналитика технологиялары, электрондық наряд-рұқсаттар, өндірісті цифрлық басқару және жабдықтардың жұмысын бақылау жүйелері енгізілуде. Бұл шешімдердің барлығы өндірістің сенімділігі қауіпсіздігі мен тиімділігін арттыруға бағытталған», – деді зауыт басшысы.

Кездесу барысында зауыт қызметкерлері де Жолдаудың негізгі бағыттарына қатысты пікірлерін білдіріп, онда ұсынылған бастамаларды қолдайтындарын жеткізді.

Жиын соңында өткен ашық дауыс беру нәтижесінде Атырау МӨЗ бастауыш партия ұйымының төрағасы қызметіне мемлекеттік органдармен және мердігер ұйымдармен жұмыс жөніндегі бөлім басшысы Жандос Бөлекбаев сайланды.

«Атырау мұнай өңдеу зауыты» ЖШС баспасөз қызметі

Back to news list

Keep up with the latest news.
Subscribe newsletter!
Subscribe