Ақпараттық хабарлама

30.10.2026
29 views
Ақпараттық хабарлама
Неліктен кешкі уақытта құбырдан шыққан су буы қара түтін сияқты көрінуі мүмкін?
Кешкі уақытта, әсіресе күн бату кезінде, қала тұрғындары Атырау мұнай өңдеу зауытындағы каталитикалық крекинг қондырғысының BELCO скруббері құбырынан шығатын ақ будың қою түтін сияқты көрінетінін байқауы мүмкін.

Бұл жарықтандыру ерекшеліктеріне байланысты. Күннің орналасуы мен көру бұрышына қарай ақ бу сұр немесе қою түсті болып көрінуі мүмкін. Құбырға сол уақытта басқа тұстан қарағанда, мұндай әсер байқалмауы мүмкін.

Зауыт штаттық режимде жұмыс істеп тұр. Жабдықтың жұмысында авариялық жағдайлар мен технологиялық ауытқулар тіркелген жоқ.

АМӨЗ тұрақты экологиялық мониторинг жүргізеді. Автоматты экологиялық бекеттерден алынған атмосфералық ауаның сапасы туралы өзекті деректер зауыттың ресми сайтында қолжетімді. Тұрғындар көрсеткіштермен өз бетінше танысып, атмосфералық ауаның жай-күйін бақылай алады.

Back to news list

Keep up with the latest news.
Subscribe newsletter!
Subscribe