1000-нан астам қызметкер конвинсер-жаттықтырғышта сынақтан өтті

19.06.2026
197 views
1000-нан астам қызметкер конвинсер-жаттықтырғышта сынақтан өтті
Атырау мұнай өңдеу зауытында бетпе-бет соқтығысты имитациялайтын жаттықтырғышта (конвинсер) тәжірибелік сынақтар өткізілді. Іс-шара «ҚазМұнайГаз» ҰҚ АҚ компаниялар тобында 2025–2027 жылдарға арналған өндірістік қауіпсіздік, еңбек және қоршаған ортаны қорғаудың жай-күйін жақсарту жөніндегі Жол картасын іске асыру аясында ұйымдастырылды.

Негізгі мақсат – кәсіпорын аумағында және одан тыс жерлерде көлік қауіпсіздігін арттыру, «нөлдік жарақаттану» мәдениетін дамыту және қауіпсіздік белдіктерін пайдалануға жауапкершілікпен қарау дағдысын қалыптастыру.

Жаттықтырғыш көліктің бетпе-бет соқтығысуы мен кенет тоқтауы кезінде соққы күшінің адам ағзасына әсерін айқын көрсетеді. Тестілеуге Атырау МӨЗ қызметкерлерімен қатар мердігер ұйымдардың жұмыскерлері де қатысты. Бір апта ішінде 1 000-нан астам адам сағатына 10 шақырымға дейінгі жылдамдықпен болатын соққы күшін өз тәжірибелерінде сезінді.  

«Конвинсер адамға жол-көлік оқиғасының салдарын қауіпсіз жағдайда сезінуге мүмкіндік береді. Тестілеуге қатысушылар тіпті сағатына 10 шақырым жылдамдықпен соқтығысудың өзінен-ақ қауіпсіздік белдігінің қаншалықты маңызды екенін түсінеді. Осындай тәжірибеден кейін белдік тағу жай ғана талап емес, күнделікті әдетке айналады. Өйткені қауіпсіздік белдігі адамды ауыр жарақаттан қорғайтын ең тиімді құрал», – деді қауіпсіздік және еңбекті қорғау қызметінің көлік қауіпсіздігі жөніндегі инженері Қайрат Оңғарбаев.

Мұндай іс-шаралар – Атырау МӨЗ-де қауіпсіздік мәдениетін дамытуға және өндірістік тәуекелдерді азайтуға бағытталған жүйелі жұмыстың бір бөлігі. Кәсіпорын персоналды оқыту мен жеке жауапкершілік қағидаттарын қалыптастыруға баса назар аудара отырып, еңбекті қорғау және өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы озық тәжірибелерді енгізуді жалғастырады.

«Атырау мұнай өңдеу зауыты» ЖШС баспасөз қызметі

Back to news list

Keep up with the latest news.
Subscribe newsletter!
Subscribe