АМӨЗ қызметкерлерінің балалары үшін жазғы демалыс маусымы ашылды

12.07.2024
1323 views
Жаздың қызған шағында «Атырау мұнай өңдеу зауыты» ЖШС қызметкерлері балаларының демалыс маусымы басталды. 
Биыл 8 бен 14 жас аралығындағы 300-ге жуық бала Ақтау қаласындағы Rixos Water World қонақ үйінің базасындағы «Еркемай» және  Щучинск-Бурабай курорттық аймағында орналасқан «Балдаурен» сауықтыру лагерлеріне барады. Балаларға арналған ойын-сауық бағдарламасында экскурсия, ашық аспан астындағы спорттық жарыстар, шығармашылық байқаулар, қызығушылық үйірмелері, катамаранмен серуендеу, бассейн, квест-ойындар және т.б. қызықтар бар. Лагерлерде балалардың жайлы демалысына, сауығуына, физикалық және психологиялық дамуы мен жеке әлеуетін шыңдауға барлық жағдай жасалған. Демалушылардың қауіпсіздігін тәжірибелі мамандар қамтамасыз етеді. Сүйемелдеушілер қызметін зауыттың 11 жұмысшысы атқармақ. 

Жазғы демалыс маусымы тамыз айының 20-на дейін жалғасады.

Айта кетейік, «АМӨЗ» ЖШС қызметкерлеріне әлеуметтік қолдау көрсету ережесіне сәйкес кәсіпорын балалар лагеріне жолдама құнының 70 пайызын төлейді. 18 жасқа дейінгі бес баласы бар отбасыдан шыққан бүлдіршінге тегін жолдама беріледі.

Back to news list

Keep up with the latest news.
Subscribe newsletter!
Subscribe