Айта кетейік, өткен аптада зауыт қызметкерлері арасында қайырымдылық мақсатта Charity Quiz интеллектуалдық ойыны өткізілген болатын. Сайыстан және жомарт жүректі қызметкерлерден бас-аяғы 2 млн 200 мың теңгеден астам қаражат жиналды. Ал зауыттың орталық кіреберісіне орнатылған арнайы жәшікке ойыншықтар, киім-кешектер мен кеңсе тауарлары жинақталды.
Қаражаттың бір бөлігі «Шаңырақ» балалар ауылының тәрбиеленушілерінің қажеттіліктеріне жұмсалса, екінші жартысы мен қайырымдылық жәшігіне жиналған заттар көпбалалы 10 отбасыға таратылды.
Қуанышқа бөленген балалар мен ата-аналар зауыт ұжымына алғыстарын жеткізіп, қызметте табыс тіледі.
«Сіздерге Алла разы болсын. Балаларды мейрамда құттықтап келіп жатқандарыңызға рақмет. Ұжымға алғысым шексіз», - деді көпбалалы ана Ақкүміс Тұрлыбаева.
Зауыт басшылығының қолдауымен ұйымдастырылатын игілікті істер алдағы уақытта да жалғасын таппақ.
Back to news list