Облыстық Қоғамдық кеңестің өкілдері Атырау мұнай өңдеу зауытына келіп зауыттың бас директорына сауалдарын қойды.

29.07.2022
1881 views
   Ағымдағы жылдың 29 шілдесінде Атырау облысы әкімі жанындағы Қоғамдық кеңестің өкілдері «АМӨЗ» ЖШС бас директоры Мұрат Досмұратовпен кездесті. Кездесуге екі күн бұрын орын алған зауыттың апатты жағдайда тоқтауы себеп болды.
Зауыт басшысы және топ-менеджерлер Қоғамдық кеңес мүшелерінің экология мен өндіріс қауіпсіздігіне қатысты өзекті сұрақтарына жауап қатты. Атырау қаласының тұрғындары Қоғамдық кеңестің өкілдеріне сұрақтарын жолдады, сондай-ақ олар зауыт басшысына жолданған өз сұрақтарына әлеуметтік желідегі тікелей эфир арқылы құзыретті жауаптарын алды.
АМӨЗ тарапынан қоғамшылдарға өндіріске бару, зауыттың жұмысымен тікелей оның аумағында танысу ұсынылды.
- Біз жұртшылық үшін ашықпыз және осындай ынтымақтастыққа қуаныштымыз. Мен әрқашан кез-келген сауалдарға жауап беруге дайынмын. Атырау қаласының тұрғындарын толғандыратын мәселелерді бірге шеше аламыз деп үміттенемін, - деп М.А. Досмұратов кездесуді қорытындылады.
Естеріңізге сала кетейік, 27 шілдеде зауытта сыртқы желілерден электр энергиясын беру кенеттен тоқтатылды, нәтижесінде АМӨЗ толықтай тоқтаған болатын.

Баспасөз қызметі 

Back to news list

Keep up with the latest news.
Subscribe newsletter!
Subscribe