Ерекше қажеттіліктері бар 1200 бала АМӨЗ-ден сыйлықтар алды

30.12.2021
1623 views
Атырау мұнай өңдеу зауытының қызметкерлері әр Жаңа жылды игі істермен қарсы алады. Әлеуметтік жағдайы төмен отбасылар, мүмкіндігі шектеулі балалар, көп балалы отбасылар бұл жолы да компанияның қамқорлығын сезінді.
Жаңа жыл қарсаңында зауыттың кәсіподақ ұйымы Атырау қаласының кішкентай тұрғындарына тосын сый жасады-1200 балаға жаңа жылдық сыйлықтар табысталды. Бұл мүгедек балаларға арналған мамандандырылған мекемелерде, мектеп-интернаттарда тәрбиеленіп жатқан балалар, сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі жандарды біріктіретін түрлі ұйымдардың мүшелері.  Сыйлықтар үш миллион теңгеден астам сомаға сатып алынды.
"Көптеген балалар денсаулығына байланысты оқу орындарына бара алмайды. Сондықтан олар көбінесе үйде және қарым-қатынаста шектеулі. Балаларға жаңа жылдық сиқырды сезінгендері үшін зауытқа рахмет. Зауыт мүгедек жандарға қайырымдылық көмегін алғаш рет көрсетіп отырған жоқ. Біз оларға жүгінген кезде олар әрдайым ықыласпен жауап береді", - деді Атырау қалалық мүгедектер қоғамының қызметкерлері.
Игі іске Атырау мұнай өңдеу зауытының мердігер ұйымы – «ҚМГ-Құмкөл» ЖШС қызметкерлері де өз үлестерін қосты. Олар мүмкіндігі шектеулі балаларға 48 жаңа жылдық сыйлық және аз қамтылған 15 отбасыға азық-түлік себетін сатып алды.
Атыраудағы ерекше қамқорлықты қажет ететін балаларға арналған осындай мерекелік шаралар  - АМӨЗ мен салалық кәсіподақтың бұрыннан келе жатқан дәстүрі. Сонымен қатар, олар жаңа жылдық мерекелерге ғана емес, білім күніне де арналған шараларды ұйымтастырып тұрады.

Back to news list

Keep up with the latest news.
Subscribe newsletter!
Subscribe