АМӨЗ де жоспарлы жөндеу жұмыстары басталды

19.08.2020
1619 views
АМӨЗ де жоспарлы жөндеу жұмыстары басталды

Атырау МӨЗ-де 2020 жылғы 1 шілдеде төрт өндірістің: мұнай өңдеу және мұнай өнімдерін терең күкіртсіздендіру, ароматикалық көмірсутектер өндірісі, кокс және күкірт өндірісі, мұнайды тереңдетіп өңдеу өндірістеріндегі 15 технологиялық қондырғысында жоспарлы  жөндеу басталды.

Онда статикалық және динамикалық жабдықты реттеу және тазалау, бақылау-өлшеу аспаптары мен энергетика автоматикасын баптау және ауыстыру жұмыстары жүріп жатыр. Каталитикалық крекинг қондырғысында көлемді жұмыс жоспарланған, атап айтқанда, қазандық-утилизаторды жөндеу, KUBOTA конустық клапанын ауыстыру, Remosa кесу шиберлік ысырмаларын жөндеу және ауыстыру, турбодетандерді жөндеу және т. б.
   Жөндеу жұмыстарына 15 мердігер мекемеден 1 200 ден аса адам жұмылдырылды.
  COVID-19 инфекциясының таралуын алдын алу үшін зауыт бойынша барлық қауіпсіздік шаралары сақталған.

Зауыт аумағында ашық ауада таңғы жиналыстар мен нұсқаулықтар өткізуге арналған арнайы шатырлы лагерлер орнатылған. Мердігерлік ұйымдар қызметкерлерінің ортақ пайдалану орындарын (темекі шегетін бөлмелер, дәретханалар, сатураторлар және т.б.) пайдалануы бойынша шектеу шаралары енгізілді. Өткізу режимі күшейтілді. Зауыт кіре берісі дезинфекция кабиналарымен және температураны өлшеуге арналған тепловизорлармен жабдықталған. 

«АМӨЗ» ЖШС қоғаммен байланыс бөлімі

 

Back to news list

Keep up with the latest news.
Subscribe newsletter!
Subscribe