Сания Аубекерова: «Бар өмірім зауытпен байланысты»

07.03.2019
1717 views
 Сания Аубекерова: «Бар өмірім зауытпен байланысты»

Өнеркәсіп салған үйлердің бірінде дүниеге келген Сания Аубекирова жөргекте жатып-ақ зауыт өмірімен тыныстап, балалық шағын зауыт аумағында өткізген. Әкесі Сиғуат Наурызалиев өрт сөндіруші болып қызмет атқарған. Әкесі мен анасы 3 ұл 5 қызды дүниеге әкеліп, тәрбиелеген. Мектеп жасынан бастап, өзінің еңбекқорлығын танытып, ата-анасына көмектескісі келген Сания Аубекирова зауыттың арғы жағында егін шаруашылығы мен шошқа фермасы болып,сонда жұмыс жасап, отбасына қолғабыс болған.

Кейін Сания Аубекирова жаңа туылған нәрестелердің паталогиясында техникалық қызметкер болып қызметке тұрады. Дегенменде, барлық өмірі зауыт аумағында өткендіктен болса керек, зауытқа қызметке орналасады. 2005 жылдан бері зауыт қызметкері. Ең алғаш шаруашылық-әкімшілік цехта жұмыс істейді. Сол кезден бастап, қоғамдық жұмыстарға белсене араласып, спортқа, өнерге деген талпынысын да байқатқан. Осы цехтың хорында ән де салған.

Уақыт өте келе зауыттан ата-анасына үй беріліп, зауыт аумағынан көшіп кетеді. Бірақ, бұл жағдай Сания Аубекированың өміріне оң өзгерістер алып келеді. Жаңа қоныс орнында болашақ жарымен танысып, отбасын құрады. Тағдыр барлығын ойластырып қойғандай, жолдасы Сағытбай Аубекеров те зауыт қызметкері болады. Барған жерінде екінші әкесі Табылды Аубекеров ұзақ жылдар бойы зауытта жұмыс істеген. №1 цехта слесарь қызметін атқарған.

«Тағдыр мені зауытпен өмір бойына байланыстырып қойғандай. Өзімнің отбасым, келін болып түскен отбасым да зауыт қызметкерлері болды. Қазіргі таңда ағам, інім, ұлым мен келінім де мұнай өңдеу саласын дамытып келеді. Өміріме ризамын. Көзімді ашқалы осы өнеркәсіптің ауасымен тыныстап келемін. Атырау мұнай өңдеу зауыты мен үшін өте ыстық. Қазіргі жұмысыммен айналысқаныма 14 жыл болды. Осы жылдар бойы зауыт басқармасының екінші қабатының тазалығына жауап беремін. Ұжымдастарым да ұйымшыл. Жұмысым қатты ұнайды», - дейді Сания Аубекерова.

Қиындығы мол бұл қызметте жүргеніне талай жылдың жүзі болса да бұл маман үшін ерекше орындардың бірі. Әрбір басшы күліп қарап, рахметін айтып отырғандығының өзіне мерейіміз бір көтеріліп қалады (күліп) дейді. Мекемелер өзгеріп отырғанымен бір орында он жылдан аса қызмет еткен. Бүгінгі күні «Газстройпроект» ЖШС мекемесінің қызметкері. Қызмет болған соң қиыншылығы қатар жүретін, бірақ соған қарамастан бізді жоғары бағалап, қадірлейді дейді маман.

Қазіргі таңда Сания Аубекерова 2 ұл 1 қыздың анасы. Немере, жиендерінің ортасында шалқып өмір сүруді армандайды. Екі анасының тілеуін тілеп, ұзақ өмір сүруін сұрайды. Сонымен қатар өзінің ұжымдастарын, барлық аналар мен әйел азаматшаларды 8 наурыз халықаралық арулар мерекесімен шын жүректен құттықтап, ұзақ өмір мен бақытты ғұмыр кешуді тіледі.

Back to news list

Keep up with the latest news.
Subscribe newsletter!
Subscribe