Үздіктер қатарына талпынған Мейрамбек

19.07.2017
1727 views

    Атырау мұнай өңдеу зауытында жасынан оқу мен еңбекті қатар алып жүретін жастар бар. Өндірістің қым-қуыт жүгі мен жаупкершілігіне төселген маманның бірі- Мейрамбек Жұмабаев. Күкірт өндірісі қондырғысының пультпен басқару операторы зауыттағы қызметін орта кәсіби білім алған соң бастаған.

Атырау политехникалық колледжін 2010 жылы мұнай және газды өңдеу мамандығы бойынша бітірген Мейрамбек кокс және күкірт өндіру өндірісіне оператор болып қабылданған. Теориялық білімі болғанымен тәжірибе жүзінде өндіріс басқаша болатынын ол осы зауыт қабырғасында түсінді. Жас маманды игі дәстүр бойынша ұжымы жылы қабылдады. Алдымен өндіріс бастығы Рүстем Бисалиев пен қондырғы бастығы Ерлан Жүнісовтердің алдынан өтті. Тісқаққан майталмандар жас маманға ақыл-кеңесін берді, жауапкершілігі зор жұмысының иірімдеріне бағыттап жіберген. Өндіріс басында Дмитрий Артеменко мен аға операторлар Ренат Таумұрынов, Нұрболат Қабдірашевтердің өнегелі мектебінен өтті. Тәлімгерлері Мейрамбекті қондырғының барлық қиын учаскелеріне салып сынады. Білмегенін үйретті, бағытын көрсетті. Ауысымға шығып, тәуліктің барлық кезеңінде қондырғының жұмыс істеу процесін меігерді. Өндіріс қондырғысы тәулік бойы тоқтаусыз жұмыс істегендіктен ұдайы бақылауды талап етеді. Сондықтан да жас маман қондырғы басында жүріп, таңдаған ісінің қыр-сырын меңгерді. Айтқандай, ол өндірістен қол үзбей жүріп Атырау мұнай және газ институтына түсіп, химик-технолог мамандығын алып шықты. Жеті жыл еңбек етіп, өз ісінің майталманы болған Мейрамбек енді үздіктер қатарына талпынуда:

-                    2013 жылы қызмет өтіліме 3 жыл толғанда алғаш рет «Үздік маман» сайысына қатысып, «ҚазМұнайГаз» ҰК еншілес компаниялары арасындағы соңғы кезеңде финалға да шықтым. Дегенмен, ақтық сында ұпайымды жіберіп алдым. Үздік атанбасам да бұл менің алғашқы жетісітікке жасаған қадамым болатын. 2014,2015 жылдары да бақ сынадым. Бірақ финалға келіп, сүрініп қалдым. Ол маған жігер бермесе, жасыған емеспін. Себебі, алға талпынып, білімімді, білігімді шыңдай түсемін. Жарысқа қатысқан сайын түсінгенім, әр маман өз ісін жетік меңгеру үшін, қашанда ізденісте болуы қажет екен. Жыл сайын тәжірибе жинап келеміз. Оны теориямен ұштастыру өте маңызды. Биыл тағы да «Үздік маман» сайысына қатысқалы отырмын. Оған дайындық жүргізіп жатырмын. Бұл талпынысым жеңілген күрсеке тоймайдының кері емес, өзімді сынап, Үздік екенімді дәлелдегім келеді.

Мейрамбек Жұмабаев жуырда белсенді зауыт қызметкерлері қатарында ЭКСПО көрмесіне қатысып келді. Халықаралық көрмеде көптеген елдердің болашақ энегретикалық әлеуетін бағамдап қайтты. Осындай шаралар да үздіктер қатарына талпынған маманның сана-сезімін кеңейтсе керекті. Біз де Мейрамбекке сәттілік тілейміз!  

Back to news list

Keep up with the latest news.
Subscribe newsletter!
Subscribe