Зейнетақы қорындағы қаржы туралы не білеміз?

13.04.2017
2048 views

Бүгінде еңбекке қабілетті баршаның жарнасы Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына түседі. Ол үкіметтің бақылауы арқылы Ұлттық банктің құзырына өткен. Соңғы мәлімет бойынша қордағы қаржы 6,75 трлн. теңгеге жеткен. Бұл өте қомақты қаржы. Оның қалай жиналып, азаматтарға қалай өтелетіні, инвестициялық үстемесі мен төлем жүйелері туралы бәріміздің көкейімізде сұрақ бар. Осыған орай, зауытқа «БЖЗҚ» АҚ Атырау филиалы директорының орынбасары Қарлығаш Жансариева, «БЖЗҚ» АҚ Атырау филиалы салымшылармен жұмыс жөніндегі бөлім бастығы Гүлайым Боранбаева және осы бөлімнің маманы Ботагөз Мұқашевалар зауыттықтармен кездесіп, толғандырып жүрген сауалдарына жауап берді.  

Бүгінде зейнетақы жүйесі Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына біріктірілген. БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіби зейнетақы жарналарын тартатын және азаматтардың өз таңдауы бойынша ерікті зейнетақы жарналарын енгізуді жүзеге асыратын жалғыз ұйым болып табылады. Сондай-ақ, салымшылардың жеке зейнетақы шоттарын есепке алу және зейнетақы жинақтары есебінен зейнетақы төлемдерін іске асыру Қордың функциясына жатады. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына төленетін міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының салымшылары Заңда белгіленген мөлшерлеме бойынша төлейді. Жеке кәсіпкерлерді қоса алғанда, барлық жұмыс істейтін азаматтар айлық табысының 10%-ын төлейді. Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын жұмыс беруші зиянды жағдайларда еңбек ететін жұмыскерлері үшін олардың айлық табысының 5%-ы көлемінде төлейді. Міндетті зейнетақы жарналарын төлеу және аудару үдерісі бұрынғы қалпында қалды. Түскен ақша кастодиан-банкке (Ұлттық Банк) сақтауға аударылады және Ұлттық Банк оларды әртүрлі қаржы құралдарына инвестициялық табыс алу үшін инвестициялайды. Инвестициялық табыс күн сайын аударылады және ол туралы ақпарат БЖЗҚ-ға түседі, бұл табыс салымшылардың шотына аударылады. БЖЗҚ жеке зейнетақы шоттарын есепке алады, кеңес беру мен төлем түрлерін жүзеге асырады. Салымшының төлемдерді алу құқығы басталған кезде ол БЖЗҚ-ға келіп алушы өтінішін толтырады және қажетті құжаттар тапсырады.

  Зейнетақы қорындағы қаржыны азамат зейнеткерлікке шықпай тұрып ала ала ма? Бұл көптің көкейіндегі сұрақ.  «БЖЗҚ» АҚ Атырау филиалы салымшылармен жұмыс жөніндегі бөлім бастығы Гүлайым Боранбаеваның айтуынша, 55 жасқа толған ер адам, 50 жасқа толған әйел адам зейнетақы қорындағы қаржысы межеленген соманы жинақтаса, сақтандыру агенттіктері арқылы келісім-шарт жасасып, айына зейнетақысын алып тұруына болады. Ол азамат жұмыс істеп жатқан жағдайда айлығының 10 пайызы зейнетақы қорына аударыла береді. Сондай-ақ, басқа мемлекеттің азаматтығын алған адамға зейнетақы қорындағы қаржысы толықтай төленеді. Бұрын азамат шетелге тұрақты тұру үшін аттанып бара жатқандығы туралы анықтама әкелсе, зейнетақы жарнасы берілетін. Ендігі өзгеріс бойынша, ол сол барған елінің азаматтығын алған жағдайда төленеді. Зейнет жасына жетпеген азамат қайтыс болған жағдайда алдымен қордағы қаржысынан салықсыз 52 АЕК сомасы жерлеу рәсімдеріне бөлінеді. Қалған сомасы жарты жылдан соң артында қалған мұрагеріне төленеді. Ол қаржының 10 пайызы табыс салығы ретінде ұсталады. Сонымен

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан зейнетақы төлемдері Заңмен көзделген жоғарыдағыдай белгілі бір жағдайлар туындағанда, сонымен қоса зейнет жасына жеткен кезде ғана  алынады.   Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы зейнетақы жинақтары есебінен несиені жабу, жылжымайтын мүлік сатып алу, емделу ақысын төлеу мүмкіндігі қолданыстағы заңнамада көзделмеген. Зейнетақы жинақтарының жағдайы туралы ақпарат алудың арналары бірнешеу. Салымшы өзі үшін ең ыңғайлысын таңдай алады: - Салымшының БЖЗҚ өзі келуі; - жеке зейнетақы шотын ашу туралы өтініште немесе жеке келісімде көрсетілген салымшының электрондық мекенжайына хабарламаны жіберу; -  www.enpf.kz сайтында «Интернет-үзінді көшірме» бөлімі арқылы Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының кез келген офисінде тіркелетін логин мен пароль болса, немесе электрондық цифрлік қолтаңбасы (ЭЦҚ) болса. «Интернет қызметтері арқылы жеке өзі өтініш жасаған кезде» хабарландыру тәсілін таңдап және логин мен пароль болса,  Android, iOS (iPhone, iPad) және Windows Phone операциялық жүйелерінде жұмыс істейтін смартфондар мен планшеттер үшін БЖЗҚ мамандары әзірлеген ENPF мобильді қосымшасын пайдаланса болады.

Жеке зейнетақы шотының (ЖЗШ) жай-күйі туралы ақпарат тегін беріледі, ал оны алу тәсілін салымшылар мен алушылар өз еріктерімен таңдайды.  Қор қызметінің маңызды көрсеткіштері ай сайын www.enpf.kz сайтында жарияланып отырады.  Қазақстан Республикасының соңғы зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ-ның зейнетақы активтерін ҚР Ұлттық Банкі басқарады.  Ұлттық Банктің инвестициялық қызметінің нәтижесімен Қордың www.enpf.kz сайтынан танысуға болады.

   Сондай-ақ, ҚР Ұлттық Банкінің мәліметтері бойынша зейнетақы активтерін инвестициялық басқару бойынша ақпараттар ай сайын жаңарып отырады. Барлық құжаттар хронологиялық тәртіпте жарияланады және қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде жүктеуге қол жетімді. БЖЗҚ тоқсан сайын пайдалар мен шығындар және бухгалтерлік теңгерім туралы мәліметтер жариялап отырады. Сонымен қатар жыл сайын сыртқы аудитті жүргізу нәтижесі бойынша есептеме жариялайды. Салымшы зейнеткерлікке шыққан кез­­де жинақтаушы зейнетақы шотынан 844 440 теңгені алу­ға мүмкіндігі бар. Егер шотындағы қаржы бұдан көп бол­са, оны тиісті тәртіппен бірте-бірте алады. Бұл ең тө­менгі зейнетақының 30 есе мөлшері.

Back to news list

Keep up with the latest news.
Subscribe newsletter!
Subscribe