Республика күніне орай зауыттықтар марапатталды

23.10.2026
18 просмотров
Республика күніне орай зауыттықтар марапатталды
Атырау мұнай өңдеу зауытында (Атырау МӨЗ) Республика күніне орай салтанатты жиын өтті. Іс-шараға кәсіпорын басшылығы мен қызметкерлері қатысты.
Бас директордың өндіріс жөніндегі орынбасары – бас инженер Нұрлан Ещанов жиналғандарды ұлттық мерекемен құттықтады. Ол бұл айтулы датаның Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретінде қалыптасу тарихындағы айрықша маңызын атап өтіп, Атырау мұнай өңдеу зауытының дамуы еліміздің өркендеуімен тығыз байланысты екенін айтты.
«Кәсіпорынның тұрақты жұмысына және ел экономикасының дамуына әрқайсыңыздың кәсіби шеберліктеріңіз бен адал еңбектеріңіз негіз болып келеді. Осы ортақ іске қосқан үлестеріңіз үшін баршаңызға алғысымды білдіремін», – деді Н.Ещанов.

Зауыт ұжымын Республика күнімен кәсіподақ ұйымының төрағасы Ғалымжан Амантурлин де құттықтады. Ол қызметкерлерге зор денсаулық, бақ-береке, ел игілігі жолындағы еңбектеріне табыс тіледі.

Салтанатты жиын барысында 32 қызметкерге ҚР Энергетика министрлігінің Құрмет грамоталары, Атырау облысы және Атырау қаласы әкімдерінің алғыс хаттары, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-ның «Үздік мұнай-газ өңдеуші» төсбелгілері, естелік белгілері, құрмет грамоталары және алғыс хаттары табысталды. Сондай-ақ жұмысшылар зауыттың кәсіподақ ұйымының «Мұнай-газ саласының қызметкері», «Мұнай-газ саласының үздігі» төсбелгілерімен және «Мұнай-газ химия саласына қосқан үлесі үшін» медалімен марапатталды.

Мерекелік іс-шара зауыт қызметкерлерінен құралған шығармашылық ұжымдар мен көркемөнерпаздар байқауы лауреаттарының қатысуымен өткен концерттік бағдарламамен қорытындыланды.


«Атырау мұнай өңдеу зауыты» ЖШС баспасөз қызметі

Назад к списку новостей

Будьте в курсе последних
новостей. Подпишитесь
на рассылку!
Подписаться