Атырау мұнай өңдеу зауытында жоспарлы алдын алу жұмыстары сәтті аяқталды

24.07.2026
198 просмотров
Атырау мұнай өңдеу зауытында жоспарлы алдын алу жұмыстары сәтті аяқталды

Жоспарлы алдын алу жұмыстарынан (ЖАЖ) кейін Атырау мұнай өңдеу зауыты технологиялық режимге шықты.

Ағымдағы жылдың 8 шілдесіне алғашқы мұнай қабылданды. Технологиялық қондырғыларды кезең-кезеңімен іске қосу жұмыстары Энергетика министрлігі бекіткен кестедегі мерзімнен 1,5 күн бұрын басталды.

Қазіргі таңда кәсіпорын тәулігіне 16,2 мың тонна мұнай өңдеуде. Өндірістік процестер қайта жанданған сәттен бастап 157 мың тонна шикізат өңделді.

Технологиялық қондырғылар іске қосылғаннан бері 35,3 мың тонна автобензиндер, 48,7 мың тонна дизель отыны, 5,7 мың тонна сұйытылған мұнай газы жөнелтілді. Мұнай өнімдерін жөнелту процесі кедергісіз жүргізілуде.

Еске салайық, ЖАЖ барысында 20 реактор, 213 сыйымдылық, 32 колонна мен 231 жылу алмастырғыш жабдыққа міндетті техникалық куәландыру жүргізілді. Құбыр желілерінің жекелеген учаскелері жаңартылып, бірқатар технологиялық қондырғыда 335 тоннадан астам катализатор ауыстырылды. Автобензин, дизель отыны және авиаотын секілді жеңіл мұнай өнімдерін өндіру көлемін арттыру мақсатында ЭЛТҚ АВТ-3 қондырғысындағы вакуумдық колоннаның ішкі құрылғылары жаңартылды. Сондай-ақ зауыт жұмысының сенімділігін қамтамасыз ету мақсатында қазандықтарда, сумен жабдықтау және шикізат беру жүйелерінде құбырлар ауыстырылды.

Жұмыстарға шамамен 1 700 маман және 50-ден астам арнайы техника жұмылдырылды.

 

«Атырау мұнай өңдеу зауыты» ЖШС баспасөз қызметі

Назад к списку новостей

Будьте в курсе последних
новостей. Подпишитесь
на рассылку!
Подписаться