АМӨЗ-де шығармашылық жұмыстар көрмесі өтті

25.09.2023
1358 просмотров
АМӨЗ-де шығармашылық жұмыстар көрмесі өтті

2023 жылдың 25 қыркүйек күні Атырау мұнай өңдеу зауытында «Еңбек күніне» орай «Еңбек мерекесі, елдің берекесі» атты шығармашылық жұмыстар көрмесі өтті.

Көрмеде сурет салу, гипс және эпоксидті шайырдан жасалған қолөнер, мозайкалар, қуыршақ тоқу, құрақ көрпе, шам және гипс бұйымдарын жасау сынды елуге жуық туындылар қойылған.

Аталмыш көрменің негізгі мақсаты – Атырау мұнай өңдеу зауыты қызметкерлері арасында өндіріс пен өнерді қатар алып жүрген тұлғалардың шығармашылық туындыларын көпшілікке паш ету, олардың мәртебесін көтеру, кейінгі жас буынды еңбек пен өнерге баулу болып табылады.

Атырау мұнай өңдеу зауытының Бас директоры Мұрат Досмұратов көрмеге жоғары бағасын білдіріп, зауыт қызметкерлерінің өнеріне тәнті болды:

«Расында, еңбек пен өнер егіз ұғым. Бүгінгі көрме, зауыт өнідірісінде кәсіби мамандардың да бойларында өнерге деген жалынды құштарлықтың бар екендігінің айқын дәлелі. Өндірісте де, өнерде де еңбектеріңіз лайықты түрде бағалана берсін! Еліміздің өсіп-өркендеуі жолындағы қызметтеріңіз жемісті болсын».

Кәсіпорын мәдениетті дамытуға және салауатты өмір салтын насихаттауға ерекше көңіл бөледі, көптеген түрлі мәдени, спорттық іс-шараларды, кәсіби шеберлік конкурстарын ұйымдастырып отырады. Бұл жұмыс нәтижесіз қалмайды, себебі, ұжым шығармашылық пен спортпен айналысу арқылы күшейеді, рухани және кәсіби тұрғыда өседі.

Назад к списку новостей

Будьте в курсе последних
новостей. Подпишитесь
на рассылку!
Подписаться