Құрметті зауыттықтар, қадірменді ардагерлер! Сіздерді келіп жеткен жаңа 2019 жылмен құттықтаймын!

28.12.2018
1597 просмотров
  

    Аяқталғалы отырған жыл Атырау мұнай өңдеу зауыты үшін өндірістегі жетістіктерімен есте қалғалы отыр. АМӨЗ тарихында алғаш рет, 14 желтоқсан күні 5 млн. тонна мұнай өңделді, және жыл соңына дейін бұл көрсеткішті 5 млн. 266 мың тоннаға дейін жеткізіп, жоспарды 105% орындау көзделуде.

   
Зауытта алғаш рет автакөлік жанармайы 1 млн. тоннаға жеткізіліп, жыл соңына дейін 1 млн.191 мың тонна көлеміне жеткізгелі отырмыз. Жоғары сапалы жаңа өнімдер шығаруда өте үлкен жұмыстар атқарылды. Соның ішінде РТ маркілі әуеотыны, ПТФ -25 қысқы дизель отыны мен ПТФ -32 К5 экологиялық класстағы «Khazar» дизель отынын айтуға болады. Жоғары сұрыпты параксилолды өнеркәсіптік өндіру мен жөнелту басталды. Жыл аяғына дейін бұл өнімді 16 300 тонна көлемде өндіру жоспарлануда. Жалпы алғанда жылдың өндірісте белгіленген тапсырмалар аяқталды.
     Кәсіпорында күрделі жөндеудің тиімділігін арттыратын «RLG International» мен еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасын басқарудың біріктірілген жүйесі «Аман» жобалары сәтті түрде жүзеге асырылуда. ТОРО бағдарламасы мен Spiral жүйесінің көмегімен өндірісті оңтайлы жоспарлауды енгізу жалғасын табуда. Өндірісті басқару және кәсіптік процессті цифровизациялау бағдарламаларын енгізу белсенді түрде жүріп жатыр. Біз экология, еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы жағынан жоғары көрсеткіштерге қол жеткіздік. Әлеуметтік міндеттемелердің барлығы дерлік орындалды. Сонымен қатар, осы жылы өңірлік «Қазақстанның үздік тауары» көрме сайысында біздің бензол Атырау облысындағы өндірістік ең үздік тауарлар арасынан бірінші орынды жеңіп алды.
    Бастауыш партия ұйымының «Нұр Отан »партиясының бастауыш партия ұйымдары арасында Атырау мұнай өңдеу зауытын ең үздік деп тануы 2018 жылдың жарқын оқиғаларының бірі болды.
    Осының барлығы – біздің зауытымыздың бір жұдырықтай жұмылған ұжымының жемісті қызметінің нәтижесі, бірлескен күш жігердің, әр қызметкердің алдына қойылған тапсырмаларға түсіністікпен қарауының арқасында деп білемін.
    Жаңа жылда «ҚазМунайГаз» ұлттық компаниясы зауыт алдына үлкен міндеттер қойып отыр. Келер жыл өндірістік жеңістер жылы болуы қажет!
Барлық ұжымға Жаңа жылда алға қойылған міндеттердің орындалуы мен еңбекте жеміс тілеймін! Сонымен бірге 2019 жылы барлық армандарыңыздың орындалуын тілеймін. Әрбір отбасында байлық, қуаныш, бірлік пен татулық орын алсын. Мықты денсаулық, сәттілік пен жеңіс серіктеріңіз болсын. 2019 жыл ең бақытты жылдарыңыздың бірі болсын!      

«АМӨЗ» ЖШС Бас директоры                            Ғалымжан Амантурлин

                     



Назад к списку новостей

Будьте в курсе последних
новостей. Подпишитесь
на рассылку!
Подписаться