Айналма сумен жабдықтау блогының құрылысы

18.04.2017
1640 просмотров

«Мұнайды тереңдетіп өңдеу кешені» құрылысы инвестициялық жобасын жүзеге асыру аясында Атырау мұнай өңдеу зауытында «НГСК «КазСтройСервис» АҚ компаниясы және субмердігер мекемелердің күшімен жалпықұрылыстық жұмыстар, технологиялық құрылғыларды монтаждау, сонымен қатар айналма сумен жабдықтау блогының құрылысы алаңдарында (3602 және 3603титулдары) жұмыс қарқын алды. 

Айналма сумен жабдықтау блогы екі қондырғыдан тұрады:  БОВ-1 және  БОВ-2 қондырғылары МТӨК технологиялық қондырғыларын салқын сумен қамтамасыз етуге арналған. Кешеннің жылдық су тұтыну мөлшері  3669,168 тыс. м3 құрайды.

БОВ-1 және БОВ-2 төмендегі секциялардан тұрады: тұндыру, таза және айналма суды сүзгіден өткізу, түйіршіктеу, мұнайдан айыру, тазалау иммараты мен реагенттерді беру торабы. БОВ-1 өнімділігі сағатына  9000 м3, БОВ-2 сағатына 1000 м3 көлемін құрайды.  Суытылған судың температурасы 280С жоғары болмайды, технологиялық қондырғыларға қайтарма судың температурасы 400С.  12 0С айырмашылық қытайлық «Кэхуэй ЛТД» компаниясы шығарған түйіршіктеу секциясына қуылатын ыстық сумен салқын ауа араласы және желдеткіштердің әсерінен пайда болады.

     Технологиялық қондырғыларға суды беру «Emile EGGER» (Швейцария) шығарған жартылай жүктемелі сорғылар арқылы жүзеге асырылады. Жалпы   айналма сумен жабдықтау блогында  соңғы шығарылған еуропарлық аппараттар орнатылады.

    Күн жылынғалы бері жобаны жүзеге асыруға жұмылдырылған субмердігер компанияларда қондырғыларды іске қосу мен қосып-баптау жұмысын уақтылы қамтамасыз ету үшін құрылыс-монтаж жұмыстары қарқын алды. Құрылыс-монтаж жұмыстарымен бір уақытта осы қондырғыларда жұмыс істейтін персоналдар дайныдалуда. Болашақ МТӨК қызметкерлері зауыттың қазіргі уақытта пайдаланылып отырған қондырғыларында және жаңа технологияларда машықтануда. Бүгінде БОВ-1 және БОВ-2 технологиялық қондырғыларының штаты толықтай жинақталды.  

Назад к списку новостей

Будьте в курсе последних
новостей. Подпишитесь
на рассылку!
Подписаться