Экологиялық ахуал ақпараты (2016 жылдың 21 шілде мен 27 шілде аралығы)

29.07.2016
1861 просмотров
Жайық өзенінен өндірістік мұқтаждыққа алынған су көлемі 113 600 м3 құрады. Су алу лимиттен асқан жоқ.
   Жайық өзенінен өндірістік мұқтаждыққа алынған су көлемі 113 600 м3 құрады. Су алу лимиттен асқан жоқ. Буландыру тоғанына биологиялық тазартылған сарқынды су көлемі 69 569 м3 құрады. Қайтара тұтынуға сарқынды судың 14 297 м3  тазартылып жіберілді. «ОЗЗ» сынақ орталығының санитарлық-өнеркәсіптік зертханасымен зауыт мен цехтардың өндірістік ағынды суларының сапасына 419 зерттеу, айналма сулардың сапасына 83, санитарлық-қорғаныш аймағы мен зауыттың өнеркәсіптік алаңы мен  өндірістік ғимараттардың қоршаған ортасын зерделеуге 378 зерттеу жүргізілді. Сондай-ақ, кәсіпорынның санитарлық-қорғаныш аймағындағы атмосфералық ауаның сапасы 3 585 автоматты түрде зерттелді. Ауаны ластайтын заттардың  шығарылуы тұрғын елді мекендерде санитарлық-гигиеналық нормалардан асқан жоқ.

Назад к списку новостей

Будьте в курсе последних
новостей. Подпишитесь
на рассылку!
Подписаться