О компании
Вакансии
Пресс-центр
Комплаенс
ОМБУДСМЕН
О компании
О компании
Действующее руководство
История завода
Награды
Экология и безопасность
Политика в области качества, охраны труда и окружающей среды и выплата налогов
Охрана окружающей среды
Программа по энергоэффективности
Выбросы в атмосферу загрязняющих веществ
Выбросы в атмосферу парниковых газов
Управление отходами производства и потребления
Оценка воздействия на окружающую среду
Производственный экологический мониторинг
Водопотребление и водоотведение на собственные (производственные) нужды компании
Охрана труда
Пожарная безопасность
Промышленная безопасность
Проект Tazalyq
Продукция
Продажа неликвидов
Производство
Общезаводское хозяйство
Производство ароматических углеводородов
Производство гидрогенизационных процессов
Производство глубокой переработки нефти
Производство и транспортировка нефтепродуктов
ПКИС
ППНГО
Производство тепловой и электрической энергии
Центральная заводская лаборатория
ISO
Цели и задачи
Политика ТОО «АНПЗ»
Сертификаты
Социальная сфера
Жилищное строительство
Медицинский центр
Программа медицинского страхования
Отдых детей
Обучение
Забота о ветеранах
Зал истории и трудовой славы
Социальная поддержка
Спортивная работа
Активы
Закупки
Годовой план закупок
План долгосрочных закупок
Нормативные документы
Дополнительная информация
Архив
Закупки
Проекты модернизации
Реализация проекта "Строительство комплекса глубокой переработки нефти"
Реализация проекта "Строительство комплекса по производству ароматических углеводородов"
Банк идей
Блог
Письменные обращения
Электронная база данных субъекта естественных монополий
Объявления
Мощность подъездных путей
Тарифы
Отчет перед потребителями
Доступ к ключевой мощности
Доступ к ключевой мощности по реализации нефтепродуктов
О компании
Вакансии
Пресс-центр
Комплаенс
ОМБУДСМЕН
Рус
Қаз
Eng
Главная
Пресс-центр
#Еңбек адамы
Гүлбаршын ҚОШАНОВА, машинист
#Еңбек адамы
21.08.2026
Гүлбаршын ҚОШАНОВА, машинист
Химия училищесін аяқтағаннан кейін Гүлбаршын Қошанова еңбек жолын мамандығы бойынша зертханада жалғастырғысы келген. Алайда Атырау мұнай өңдеу зауытына келген кезде зертханада бос орын болмады. Осылайша 1985 жылы жас маманның өндірістегі жолы басталды. Алғашында №2 цехтағы күкірт қышқылы қондырғысында технологиялық қондырғылар машинисі болып еңбек етіп, кейін №4 цехқа ауысты. Содан бері қырық жылдан астам уақыт бойы өндірістің тыныс-тіршілігімен бірге келе жатыр.
-
Ол кезде жас маман едім, бәрі жаңа, бәрі қызық болатын. Зауыттың ауқымы, үлкен қондырғылар, өндірістің қарқыны алғашында ерекше әсер етті. Қандай қызмет атқаратынымды жалпы білгеніммен, оның қаншалықты үлкен жауапкершілік екенін жұмыс барысында түсіндім, – дейді Гүлбаршын Қошанова.
Бүгінде оның негізгі жұмысы – мұнай мен мұнай өнімдерін дайындау, сақтау және тасымалдау процестерін бақылау. Әр ауысым алдыңғы кезекшіліктен өндірістегі жағдайды қабылдап алудан басталады. Одан кейін жабдықтардың жұмысын, технологиялық көрсеткіштерді, қысым мен температураны бақылау, мұнай өнімдерінің қауіпсіз әрі үздіксіз тасымалдануын қамтамасыз ету – машинистің күнделікті міндеті. Сырт көзге өндірістің көптеген процесі автоматты түрде жүріп жатқандай көрінуі мүмкін. Алайда оның ар жағында мамандардың үздіксіз бақылауы мен үлкен жауапкершілігі бар. Өндірісте болмашы өзгерістің өзін дер кезінде байқау – қауіпсіздіктің маңызды шарты.
«Өндірісте ұсақ-түйек деген болмайды. Кішкентай ғана өзгерісті уақытында байқамаудың өзі үлкен мәселеге әкелуі мүмкін. Сондықтан әр көрсеткішті бақылап, кез келген жағдайға дайын болу керек»
, – дейді ардагер маман.
Технология өзгерді, жауапкершілік өзгерген жоқ
Қырық жылдан астам уақыт ішінде Гүлбаршын Қошанова өндірістегі талай өзгерістің куәсі болды. Оның еңбек жолы басталған кезде көптеген технологиялық операция қолмен атқарылса, бүгінде өндіріс процестерінің басым бөлігі автоматтандырылған. Бұрын мамандар өздері барып бақылайтын көрсеткіштер қазір заманауи жүйелер арқылы жедел бақылауға мүмкіндік береді.
-
Бұрын құбырдың 500, 1000-дық задвижкаларын қолмен ашатынбыз. Қазіргі таңда автоматты түрде ашылып-жабылады. Технология жұмысты бір жағынан жеңілдетті, екінші жағынан маманға қойылатын талапты арттырды. Жаңа технология келген сайын оны меңгеріп, үнемі үйреніп от
ыру қажет, – дейді ол.
Өндірістегі өзгерістермен қатар, күтпеген жағдайлар да аз болмаған. Электр қуатының үзілуі немесе кернеудің төмендеуі кезінде зауытқа мұнай айдайтын және теміржол цистерналарына мұнай өнімдерін құятын сорғылар тоқтап қалуы мүмкін. Мұндай сәтте әр минуттың маңызы зор.
- Осындай жағдайда зауытқа мұнай беретін сорғыларды дер кезінде қайта іске қосып, өндірістік процестің тоқтап қалмауын қамтамасыз етуіміз қажет. Теміржол цистерналарына өнім құю процесін де мүмкіндігінше жедел қалпына келтіру маңызды. Мұндай кезде тез шешім қабылдау керек,
– дейді ардагер.
Жылдар бойы жинаған тәжірибе осындай жауапты сәттерде үлкен көмек береді. Оның айтуынша, тәжірибелі маман жабдықтың жұмысындағы болмашы өзгерістің өзін байқап, жағдайдың қалыпты немесе қалыпты еместігін сезе бастайды.
«Мен үлкенмін деп көкіректенбеймін»
Гүлбаршын Қошанова үшін өндірістегі еңбек тек технологияны білумен шектелмейді. Ұжымдағы қарым-қатынас та жұмыстың сапасына әсер етеді. Қырық жылдан астам уақыт ішінде талай әріптеспен бірге еңбек еткен ол үшін жақсы маманның басты қасиеті – сенімділік пен жауапкершілік. Ол жаңадан келген мамандарға бағыт – бағдар беріп, жетекшілік еткен. Сол мамандардың бірі, 30 жыл бойы әріптес болған Медведев Дмитрий қазіргі таңда аға оператор.
-
Жұмыста бір – бірімізбен келіспей қалатын кездер болады. Бірақ қанша ұрыссақ та, ол бірден менен кешірім сұрайды. Мен де “үлкенмін” деп көкіректенбеймін, менікі дұрыс емес болса, артық кетсем, кешірім сұраймын
, – дейді Гүлбаршын Қошанова.
Осы бір қарапайым ұстаным оның мінезін де аңғартады. Ұзақ жылғы еңбек өтіліне қарамастан, өзін өзгеден жоғары қоюды жөн көрмейді. Керісінше, өндірісте бір-біріне сүйеніп жұмыс істеудің маңызын жақсы біледі. Ал жас мамандарға айтары да дайын: жауапкершіліктен қашпау, қауіпсіздік талаптарын сақтау және үйренуден тоқтамау.
Атырау МӨЗ-бен біте қайнасқан тағдыр
Гүлбаршын апайдың Атырау МӨЗ-ге байланысы тек еңбек жолымен өлшенбейді. Бұл зауытта оның өмірлік серігі де еңбек етті. Екеуінің таныстығы да тым әріден басталады. Бір көшеде көрші болып өскен олар бір мектепте білім алды. Кейін тағдыр жолдары қайта - қайта тоғысып, екеуі де Атырау мұнай өңдеу зауытында еңбек етті. Әртүрлі бөлімде қызмет атқарғанымен, жұмыста да, өмірде де бір-біріне сүйеніш болды.
-
Күйеуім механика цехында жұмыс істеген соң, білмеген нәрселерімді сұрайтынмын. Бір – бірімізбен солай қоян-қолтық өмір сүрдік,
– деп еске алады ол.
Жолдасы өмірден өтсе де бірге өткен жылдардың естелігі оның жүрегінде сақтаулы. Тіпті бүгінде қалыптасқан кейбір әдеттерінің өзі сол жылдардан қалған. Бір кездері оны таңғы бесте жұмысқа шығуға жолдасы оятатын. Уақыт өте келе ерте тұру күнделікті әдетке айналды. Демалыс күндерінің өзінде таңғы бесте оянады. Бәлкім, бұл – бірге өткен жылдардан қалған үнсіз естеліктің бірі шығар.
Анадан жалғасқан еңбек жолы
Гүлбаршын апайдың Атырау МӨЗ-бен байланысы бір отбасының екі тағдырымен ғана шектелмейді. Оның бұл қара шаңыраққа деген жақындығы анасының еңбек жолымен де сабақтас. Анасы да Атырау мұнай өңдеу зауытында 44 жылдан астам уақыт еңбек еткен. Бүгінде 86 жаста. Демек, Гүлбаршын үшін зауыттың тарихы тек өзінің қырық жылдан астам еңбек жолынан тұрмайды. Бұл – анасының жастық шағы мен маңдай тері сіңген, кейін қызының да саналы ғұмыры өткен орта. Бір зауыттың қабырғасында анасының да, қызының да ондаған жылдық еңбегі қалды. Бірі – 44 жылдан астам, бірі – қырық жылдан астам уақытын осы қара шаңыраққа арнады. Сондықтан Гүлбаршын Қошанова үшін Атырау МӨЗ – ұрпақтан ұрпаққа жалғасқан еңбек естелігі бар қара шаңырақ. Оның қабырғаларында анасының да, өзінің де еңбек ізі бар.
Жаңа кезең
Енді қырық жылдан астам уақыт бойы таңғы бесте басталған еңбек ырғағы өзгереді. Күн сайын зауытқа асығу, өндірістің жағдайын бақылау – Гүлбаршынның күнделікті өмірінен алыстамақ. Дегенмен еңбекке әбден қалыптасқан адам үшін зейнет демалысы үйде қол қусырып отырумен өлшенбейді.
-
Жолдасым тірі кезінде зейнетке шыққанда шипажайларға жиі барып, денсаулығыма көңіл бөлсем деп ойлайтынмын. Енді соған уақыт болатын шығар. Бірақ күнделікті жұмыста жүрген соң, үйде ұзақ отыра алмайтын сияқтымын. Балаларым дүкен ашып берсе, сол іспен айналыссам деген арманым бар
, – дейді ол.
Екі ұл, екі қыз тәрбиелеп өсірген ардагер үшін ендігі кезең – өзіне уақыт бөліп, көптен ойда жүрген жоспарларын жүзеге асыратын шақ. Шипажайға барып тынығу, балаларымен бірге уақыт өткізу, жаңа кәсіп бастау – бәрі алдағы күндердің еншісінде. Қырық жылдан астам уақыт бойы өзгенің ауысымын қабылдап келген жан енді өз өмірінің жаңа ауысымына кіріспек. Ал Атырау МӨЗ-де өткен қырық жылдан астам уақыт оның өміріндегі ең үлкен еңбек мектебі әрі жүрегіне жақын қара шаңырақ болып қала бермек.
Количество показов: 19
Возврат к списку
Новости
Фотогалерея
Видеоролики
Корпоративные СМИ
Все
AMOZ alemi
Еңбек адамы
Будьте в курсе последних
новостей. Подпишитесь
на рассылку!
Подписаться
Подписка на рассылку
Email
*
Подписаться
Закрыть
Вход в личный кабинет
Логин
Пароль
Забыли пароль?
или
зарегистрироваться
Восстановление пароля
E-Mail:
*