Тауарлық зертхана дайын өнімді іріктеп нормативтік құжаттардың, Кеден одағының техникалық регламентінің талаптарына сәйкестігіне паспорттауды, қыздырылған кокс, түйіршіктелген күкірт, құбыр арқылы түсетін мұнайды іріктеу мен паспорттауды, вагон-цистерналарға тиелетін өнімнің сапасын бақылауды, сертификаттық сынақтарды, мұнай сапасын кіріс бақылауды, әртүрлі депрессорлық, октан көтергіштер, тозуға қарсы, тотығуға қарсы қосындылар және т. б. тиімділігіне арналған сынақтарды техникалық тапсырмалар бойынша жүзеге асырады.
Ол ISL француз фирмасының аққыштық температураcы, бұлттану температурасы, сүзілудің шекті температурасының заманауи автоматты аппараттарымен, тығыздағыштармен, Mettler Toledo швейцарлық фирмасының титраторымен , Metrohm швейцарлық фирмасының титраторларымен, Waukesha америкалық фирмасының октандық сандарын анықтау қондырғыларымен, Perkin Elmer америкалық фирмасының атомдық-абсорбциялық спектрометрімен, PCS Instruments неміс фирмасының майлау аппаратымен, Oxford фирмасының күкірт анализаторларымен жабдықталған.