1908 жылы дүниеге келген. Инженер-құрылысшы. 1933 жылы Ростов Қатынас жолдар институтын бітірген. КСРО Мемлекеттік Сыйлығының лауреаты және КСРО Министрлер Кеңесі Сыйлығының лауреаты.1933-1938 жж. – инженер, аға инженер, құрылыс басқармасының бөлім бастығы. 1938-1943 жж. -"Гипроказнефть" институтының директоры. 1943-1947 жж. № 441 зауыттың бірінші директоры, қазіргі Атырау мұнай өңдеу зауыты. 1947 жылы «Ново-Куйбышев МӨЗ»-нің директоры лауазымына ауыстырылды. Көптеген елдердің мұнай және газ өндіріс нысандарын салуға қатысты. 1973 жылдан бастап – дербес зейнеткер. «Ленин, «Еңбек Қызыл Ту», «Құрмет белгісі» ордендерімен және медальдармен марапатталған.
Салынып жатқан зауыттың директоры қызметін атқара жүріп, құрылысқа жаңа технологиялық қондырғыларды орнатып, оларды іске қосты.
Г.И. Гореченковтың басты қасиеті - өзіне де қарамағындағыларға да ерекше талап қоя білуінде еді. Мемлекеттік және еңбек тәртіптерін қатаң сақтау жұмыстағы ең негізгі ұстанымы болды.
Көптеген құжаттарды зерттеп қорытқанда білгеніміз, зауыт директоры аз ғана, түкке тұрғысыз осалдықтарға, , әсіресе басшылық құрылымындағы тәртіп бұзушылықтарға жол бермеді. Мысалы, еңбекақыны уақытында бермегені үшін бас бухгалтер Рогачевскийді лауазымынан босатты, оны Мұнай өндірісі халық комиссариаты тағайындаған болатын. Еңбектегі кәсіби іскерлігі мен шынайылығының арқасында биік дәрежедегі ұйымдастырушы және басшы лауазымына дейін жетті.
Өзіне сеніп тапсырылған ең алғашқы мемлекеттік тапсырманы, әрі сынақты еш ақаусыз орындап берді.
Оның Ново-Куйбышев МӨЗ-іне директор болып тағайндалуы заңды құбылыс еді.
Зауыт технологиялық қондырғылар санынан да, қуаты жағынан да, шикізатты тереңде өңдеуден де, қазіргіден бірнеше мәрте үлкен болды, соғыстан кейінгі жылдарда мұнай өңдеудің флагманы-қолбасшысы болды.
1955-1960 жылдары Г.И. Греченков КСРО Мұнай өнеркәсібі министрлігінің Мұнай өндірісі Бас басқармасы бастығы қызметін атқарды. 1957-1960 жылдары РСФСР-дің Омбы Халық шаруашылығы кеңесі төрағасының орынбасары, Мингазпромның техникалық басқармасының бастығы. 1960-1969 жылдары РСФСР Басмұнай Кеңесі халық шаруашылығы бастығының орынбасары. 1969-1973 жылдары Мингазпромның газ өңдеу бойынша басқармасының бастығы, коллегия мүшесі.
1973 жылы Гавриил Иванович зейнеткерлікке шықты, кейін Мұнай және газ өндірістік құрылысы министрлігіне қайта шақырылды, және көп уақыт еңбек етті. Ол Түмен облысында, Қазақстанда, Өзбекстанда, Коми АССР-да, Чечен-Ингуш АССР-де, Иранда және басқа да елдерде мұнай және газ өндіріс кешендерін салды.
Еңбек жолында көптеген үкіметтік наградалармен марапатталды. Үкіметтің тапсырысы № 441 зауытты салуды табысты орындағаны үшін КСРО Жоғарғы Кеңесінің Өкімімен Ленин орденімен, одан басқа Қызыл Ту орденімен, Құрмет белгісімен марапатталды, сондай-ақ КСРО Мемлекеттік сыйлығының, КСРО Министрлер Кеңесінің лауреаты атағына ие болды. Ново-Куйбышевск қаласының Құрметті азаматы.
Рыбак Борис Моисеевич 1909 жылы Ростов на Дону қаласында дүниеге келген. Он бір жасынан бастап ағайынды Ржевских пен Ренненбаумдардың сабын қайнататын шағын зауытында жұмыс істейді. 1923 жылы анасымен Бакуде АзЧЕКА-да жұмыс істейтін ағасына оралады.
1924 жылы Б.М.Рыбак Баксоюзге, кейін Госпромцветке жез өңдеушінің үйренушісі болып жұмысқа орналасады.
1926 жылы Азмұнай зауытына ауысады, кейіннен Сталин атындағы зауыт болып өзгертілген. Осы зауытта Борис Михайлович қызмет иерархиясының барлық сатысынан өтті – жұмысшы, лаборант, тазартушы, жарысушы, инженер, лаборатория бастығы, ақырында Бас инженер. Жұмыспен қатар ол әуелі рабфакта, Азербайжан мұнай институтында оқып, инженер-технолог мамандығы бойынша 1932 жылы бітірді.
Зауыттағы жұмыстан басқа Б.М. Рыбак ғылыми-зерттеу, педагогикалық, әдеби жұмыстармен айналысты. 1932 жылдан бастап Азербайжан мұнай институтында және Киров атындағы Пром академияда жалпы және органикалық химиядан дәріс оқыды. 1930 жылдан бері 60-тан астам ғылыми еңбек, оның ішінде 6 кітап жазды. Солардың ішінде ерекше орын алатын ғылыми еңбегі «Мұнай және мұнай өнімдерінің анализі».
1940 жылы Б.М. Рыбакты Мәскеуге Наркомнефтьке техникалық бөлім бастығының орынбасары лауазымына жұмысқа ауыстырады.1941 жылы КСРО Совнаркомының қаулысымен КСРО Мұнай өндірісі халық комиссариатының орынбасары етіп бекітілді. Мұнай өңдеу өнеркәсібіне жетекшілік етті. 1946 жылы Наркомнефть бөлінгеннен кейін, Оңтүстік Батыс мұнай министрлігінің Арнайы бюросында ғылыми жұмысын жалғастырып, осы министрліктің Техникалық Кеңесі төрағасының орынбасары жұмысын атқарды.
1946 жылы Б.М. Рыбак техника ғылымының кандидаты ғылыми дәрежесіне диссертация қорғады. 1943 жылы өндірістің жаңа әдістері туралы еңбегі үшін Б.М. Рыбакқа ІІ дәрежелі Сталин сыйлығы берілді. 1947 жылы жағар май алу үшін мұнай шөгінділері тотығуының жаңа әдістерін әіірлегені үшін, ІІІ дәрежелі Сталин сыйлығы берілді.
Гурьев МӨЗ-не 1947 жылы маусымда ауыстырылып, 1948 жылғы қыркүйекке дейін ғана жұмыс істеді.Осы қысқа мерзімде өндірісте технологияны жетілдіруді үшін ұйымдастыру-техникалық шараларын іске асырды. Кадрлар даярлау ісі де маңызды орын алды. Мамандардың көп бөлігі бөгелмеді, олардың орнына дайындалған кадрлар табыла бермеді. Бұл мәселе орта буында ерекше өткір проблема ретінде қарастырылды. Технологиялық қондырғыларда, механиктер мен мастерлер жетіспеді. Зауыт директоры өз мүмкіндігі мен құзіреті шеңберінде аса өткір мәселелерді шебер шеше білді.
Ол талантты басшы, адал, бір сөзді, жоғары кәсіби маман ретінде есте қалды. Ол өндіріске үлкен экономикалық тиімділікпен өнертапқыш ұсыныстарын ендірді.
1948 жылы оны қайтадан Мәскеуге ауыстырады. Ол Шығыс аудандардың Мұнай өндірісі министрлігінің жоғары инженерлік курстарының директоры болды. Кейіннен курсты қайта құрып, академия деп аталды. 1950 жылы Б.М. Рыбак Мұнай өндірісі Академиясының директоры болып тағайындалды.
1951 жылы оны 51/10 статьямен - халық жауы деп тұтқынға алды. Онда денсаулығын бұзып алды. 1954 жылы реабилитацияланып, жұмысқа қайта қабылданады. Өмірінің соңғы жылдарында ол ғылыммен айналысып, әрі ЖОО-да дәріс берді.
Мамандығы бойынша мұнай-газ өңдеу инженер-технологы, Азербайжан индустриалды институтының түлегі.
1935-1939 жж. Баку крекинг зауытында, «26 Баку комиссары» зауытында әр түрлі инженерлік-техникалық лауазымдарда жұмыс істеді.
1940-1942 жж. Наркомнефтьтің бұйрығымен Менделеев атындағы Константинополь МӨЗ-інде бас инженер қызметін атқарды.
1943 жылдан Орск МӨЗ-інде өндіріс меңгерушісі лауазымында болды, кейін бас инженер, 1946 жылы зауыт директоры болып тағайындалды.
1948 жылдан 1954 жылға дейін Гурьев МӨЗ-нің директоры. Төрт ұжымда да көп жылдық тәжірибесі бар біліктілігі мен даналығымен басшылық етті. Алғашқы сәттен бастап-ақ ол ірі-ірі ұйымдық-техникалық шараларды ұйымдастырып өндіріс қызметін жақсартты. Кадр мәселесі мен жөндеу жұмыстары өткір мәселе ретінде тұрды. Зауыттың көптеген жұмысшылары оқуға жіберілді, дәрежелерін көтеруге салалас зауыттарға барып тәжірибе алмасты. А.Ф. Кабанов әлеуметтік мәселелерге зор көңіл бөлді.1949 жылы Мәдениет Сарайы, стадион салынды. Оған дейін жазғы кинотеатр салынған болатын. Зауыт жұмысшылары үшін, қаладан 30 шақырым жерде демалыс базасы мен пионер лагері салынды. Зауыт үнемі тұрғын қалашықты – микроауданды абаттандырумен айналысты. Кабановтың бастамасымен зауыт жұмысшылары мен қала тұрғындарының әл-ауқатын жақсартуға арналған қыруар жұмыс жасалды.
1954 жылы шығыс аудандарының мұнай өндірісі министрінің орынбасары болып тағайындалды. Совнархоз жылдары Кабанов ғылыми мекемелердің басшысы болды, алпысыншы жылдары мұнай
өңдеу саласындағы ғылыми-зерттеу жұмыстарын үйлестіру жөніндегі Мемлекеттік комитет төрағасының орынбасары қызметін атқарды. Салалық жүйені қалпына келтіргеннен кейін Кабанов шетелдік іс сапарларда болды.
А.Ф. Кабанов Еңбек Қызыл Ту орденімен, екі мәрте «Құрмет белгісімен», «Ұлы Отан соғысы жылдарындағы қажырлы еңбегі үшін» медалімен мараппатталды.
Котов Николай Акимович 1908 жылы кедей шаруа отбасында дүниеге келген. 18 жасқа дейін орта білім алуға мүмкіндігі болмаған. Рабфакта оқиды, кейін Губкин атындағы Мәскеу мұнай және газ өнеркәсібі институтын бітірді. Еңбек жолын Саратов крекинг зауыты құрылысынан бастады. Монтаж бойынша инженер болды, кезекші инженер, техника бөлімі бастығының орынбасары, техникалық және жобалау бөлімдерінің бастығы, зауыттың бас технологы қызметтерін атқарды.
50 жылдардың басында Котов Гурьев мұнай өңдеу зауытына бас инженер лауазымына ауыстырылды. 1954 жылдан 1968 жылға дейін зауыттың директоры болды.
Бірінші тұлға ретінде тұтқалы қызмет түрлерімен айналысты. Оларға: келешектегі даму, техникалық қайта жабдықталу, жоспар-қаржы мәселелері және еңбекшілердің әл ауқатын, тұрмысын жақсарту мәселелері жатты. Жоспардың әрбір цифры үшін күресті.
Котовтың директорлық қызметі қалыпты ахуал орнаған уақытқа тап келді. Негізгі жабдықтар тұрақты жұмыс істеп тұрды, жұмыс персоналының өзіндік тәжірибесі мен дәрежесі болды. Негізгі мақсат мұнайды алғашқы өңдеу қондырғысының өндірістік қуатын ұлғайту жоспарлы-жүйелі жүргізіліп отырды.
Хрущетың мемлекеттік басқару жүйесін қайта құруы – салалық министрліктерді жоюы, әкімшілік- экономикалық аудандарды кәсіпорындарды халық шаруашылығы кеңесі арқылы басқаруы, еңбек ұжымдарының қызметіне көптеген қиындықтар туғызды. Ағымдағы мәселелерді шешу, өндірістің жоспардағы көрсеткіштерін құру, материалдық-техникалық жабдықтау, бәрі директордың жауапкершілігінде болды. Котов бұл мәселелерді үлкен абыроймен шешті. Мұнай газ саласының жоғары дәрежелі, АҚШ-та арнайы дайындықтан өткізілген маман, экономика, қаржы және бухгалтерлік есеп салаларында да қажетті білімі болды. Ол зауыт тарихында шығыс пен кіріс анализдерімен бухгалтерлік есепті өзі тексеретін бірден бір директор болған.
1960 жылдары Коммунистік партия мен Кеңес Үкіметінің директивасы бойынша Маңғышлақ түбегінде мұнай және газ өндірісін игерудің ірі масштабта жұмысы жасалды. 1965 жылға дейін зауыт Маңғышлақ мұнайын өңдеуге әзір емес еді. Тек 1965 жылы майда шаруашылықты қайта құрылымдау жобасын Н.А. Котов бастап Маңғышлақ мұнайын қабылдап өңдеуге дайындады. 1966 жылы зауыт толықтай Маңғышлақ мұнайын өңдеуді бастады.
Н.А.Котов білімді инженер болды, «Гудри» каталитикалық крекирлеу қондырғысының технологиясын, газбен фракциялау, күкірт қышқылымен алкирлеудің технологияларын одан басқа ешкім білмейтін. Сонымен қатар, ол ғылыми-зерттеу және жобалау-құрылымдау жұмыстарын да еркін талқылай білді. Н.А. Котов Еңбек Қызыл Ту орденінің иегері.
Александр Иванович Маслов 1926 жылы Краснодар қаласында дүниеге келген. 1934 жылы орта мектепке барып, 1942 жылы 8 класты бітірген.
А.И. Маслов 1942 жылы өз еркімен соғысқа аттанған, Ұлы Отан соғысы аяқталғанға дейін Қызыл Армия қатарында болып, Жеңістен кейін демобилизацияланды.
1947-1949 жылдары оқуын жалғастырып, орта білім алады. 1949 жылы Губкин атындағы Мәскеу мұнай-газ институтына түсіп, 1954 жылы мұнай-газ өңдеу инженер-технологы мамандығы бойынша бітірді. Еңбек жолын Краснодар мұнай өңдеу зауытында кезекші инженерліктен бастайды, кейін крекинг қондырғылары- ның аға инженері, битум және сабынды- нафта қондырғыларының бастығы, тауар өнімдерін дайындау бойынша басшы қызметтерін атқарды.
1959 жылы А.И. Маслов техника бөлімі бастығының орынбасарлығына ұсынылды. 1960 жылы бас инженердің орынбасары -техника бөлімінің бастығы.
1968 жылы Гурьев мұнай өңдеу зауытының директорлығына тағайындалды. Маслов жұмыс істеген жылдары екі ірі технологиялық қондырғылар ЭЛОУ-АВТ және каталитикалық риформинг іске қосылды. Ұжымның жұмысына аса көңіл бөліп, іскерлік пен принципке негізделген өндірістік, мәдени, тұрмыстық мәселелер бойынша шешімдер қабылдады. Масловтың зауыт ұжымы социалистік жарыстың бірнеше мәрте жеңімпазы атанып, Ауыспалы Қызыл Ту мен ВЦСПС-тің, Министрліктің ақшалай сыйлықтарына ие болды.
А.И. Маслов Еңбек Қызыл Ту орденімен, Кеңес Одағының Еңбек медальдарымен марапатталды.
Вакуров Анатолий Петрович Гурьев қаласында дүниеге келген. Еңбек жолын Гурьев мұнай техникумын бітіргеннен соң зауытта бастады. Қызмет жолы иерархиясының барлық сатысынан өтті: оператор, аға оператор, қондырғы басшысы, цех бастығының орынбасары, цех бастығы. 1970-1973 жылдары бас инженер. 1973-1984 жылдары Гурьев МӨЗ директоры бола жүріп, Бүкілодақтық политехникалық институтын сырттай оқып, мұнай-газ өңдеу инженер-технологы мамандығы бойынша бітірді.
Оның басшылық еткен жылдары зауытта күрделі қайта құрылымдар жасау кезіне тура келді, жаңа өндірістік қуаттарды – каталикалық риформинг, баяу кокстау қондырғылары енгізілді. А.П. Вакуров зауыттың дамуына зор үлес қосты. Ол зауытта 30 жыл жұмыс істеді, оның 11 жылында зауыт директоры болды. 1984 жылы Гурьев мұнай құбырлары басқармасының бастығы болып тағайындалды.
Анатолий Петрович Еңбек Қызыл Ту орденінің, «Құрмет белгісінің» иегері.
Шишлов Сергей Сергеевич 1948 жылы Гурьев қаласында дүниеге келген. 1971 жылы Грозный Мұнай институтын инженер-химик-технолог мамандығы бойынша бітірді. Гурьев химия зауытының аппаратында, ауысым бастығы, бөлім бастығы, цех бастығының орынбасары, цех бастығы, бас инженердің орынбасары, өндіріс бастығы, директордың өндіріс жөніндегі орынбасары қызметтерін атқарды. 1984 жылы шілдеде Гурьев мұнай өңдеу зауытының директорлығына тағайындалды. Осы лауазымда 1986 жылға дейін қызмет етті.
С.С. Шишлов бірнеше ғылыми мақалалардың авторы. Ол басқарған ұжым мұнай өңдеу бойынша өндірістік жоспарларды орындады. Зауыт тұрақты жұмыс істеді. Зауыт Ауыспалы Қызыл Ту иеленді. Оның басқарған уақытында мұнай коксын қыздыру қондырғысы өндіріске енгізілді. Жаңа технология- ларды ендіріп, өндірісті жаңа деңгейге көтеру де Шишловтың бастамасымен іске асырылды.
Қарамағындағыларды материалдық ынталандыруға да көп көңіл бөлді.
2002 жылы мамырда Шишловты Атырау МӨЗ-ді басқаруға жібереді, онда 2004 жылдың шілдесіне дейін қызмет етті. Шишловтың басшылығымен зауыт жұмысы алға басты, шығарылатын мұнай өнімдерінің сапасы түзелді, өндірістік шығындар азайды, технологиялық қондырғылар үздіксіз жұмыс істеді. Этильденген бензиннің орнына этильденбеген бензиннің жаңа технологиясы әзірленіп, қолданысқа енді. Этильденбеген бензин шығару бағдарламасы 2001 жылы дайындалып, 2002 жылы өндіріске енгізілді.
С.С. Шишловтың тікелей басшылығымен Атырау МӨЗ-дің реконструкциясы іске асырылды. Шишлов басқарған жылдарда зауыт жұмысшыларының материалдық жағдайы едәуір көтеріліп, өмір сүру деңгейлері де жоғарылады, бұл жылдар реконструкцияның басталуы мен озық жұмыс әдістерін енгізу жылдары болып есептеледі.
Гафнер Владимир Викторович 1946 жылы дүниеге келген. Түмен Индустриалды институтын, инженер-технолог мамандығы бойынша бітірді. Еңбек жолын Гурьев мұнай өңдеу зауытында оператор болып бастады.
Сол жылы салынып жатқан каталитикалық риформингтің хххх болып тағайындалды. №3 цехтың бастығы болды. 11 жыл бас инженер лауазымында қызмет етті.
1986-1999 жж. зауыт директоры, «АтырауМӨЗ» АҚ президенті болып қызмет атқарды. Президент, бас инженер болып жұмыс істеген жылдары өндірістің дамуына, техникалық ойлар мен ғылымға зор үлес қосты. Гафнер басқарған жылдар зауыт үшін өте ауыр жылдар болды. Қалыптасып қалған өндіріс жағдайына әртүрлі шаруашылық есептер, еңбек ұжымдарының кеңестері пайда болды, одан кейін басшылықты сайлап тағайындау әдісі де жойылды.
Елде инфляция, жеткізулер тәртібі бұзылды, өндіріс деңгейі төмендеді, тұрмыстық қажетті, күнделікті қолданыстағы заттар жойыла бастады.
Көне де тәжірибелі басшы ретінде ұйымдастыру қабілетін көрсете білді, қиын жағдайдан шығу жолдарын да тапты. Зауыт 80 жылдарға тән экономикалық проблемалардан шығу жолын тапты. Осылайша жууға арналған сұйық заттарды, шампуньдар шығару жолдарын ойлап тапты.
КСРО құлағаннан кейін шаруашылық байланыстар да үзілді. Директордың алдына сауда серіктестерін, жеткізушілерді, дайын өнімдерді өткізу рыногын, шикізат алатын жерлер табу мәселелері тұрды.
В.В. Гафнер зауыт пен ұжымды құлдыраудан құтқару үшін бар күшін салды. Экономиканың нарық заманына өтпелі кезеңінде зауыт ұжымын тұтас ұстап ауызбіршілікте болуын ұйымдастыра білді. Мұның бәріне жергілікті мұнайды өңдеу үшін жаңа технологиялар енгізуге бағытталған зауытты реконструкциялау жаспарының септігі тиді. Зауыт өзінің негізгі позициясын сақтап қалды. Қазақстанда алғаш рет баяу кокстау және мұнай коксын қыздыру қондырғылары салынды. Әлеуметтік-тұрмыстық мәселелері де шешілді.
В.В.Гафнер көптеген өнертапқыш ұсыныстар мен жаңалықтардың авторы. В.В. Гафнерді ел жоғары деңгейлі маман, талантты ұйымдастырушы ретінде біледі. «Құрмет белгісі» және «Құрмет» ордендерінің иегері.
Байтазиев Талғат Алтыбайұлы 1966 жылы Атырау қаласында дүниеге келген. Атырау мұнай және газ институтының түлегі.
Өзінің еңбек жолын 99-Құрылыс басқармасында жүргізуші болып бастайды. 1990 жылы «Мұнайгазсервис» ЖШС мекемесіне күзет бастығы болып қызметке қабылданған ол кейін сату бөлімінің бастығы, одан әрі атқарушы директор болып тағайындалады. 1996 жылдан HAWK IMPAX TRADING.U.A.E. DUBAI –да маркетингілік зерттеулер жөніндегі менеджер, кейін Қазақстан Республикасының ресми өкілі қызметін атқарады.
Талғат Алтыбайұлы мұнай саласына алғаш рет 1998 жылдың сәуір айында «АМ ӨЗ» ААҚ-ындағы «Қазақойл» ҰМК ресми өкілі ретінде қадам жасады. 2002-2003 жылдары «АМӨЗ» ААҚ президенті жанындағы инспектор, 2003-2004 жылдары «ҚазМұнайГаз» Сауда Үйі» АҚ-ында бас директордың орынбасары лауазымында болды.
2004 жылдың сәуірінде ол «Атырау мұнай өңдеу зауыты» ЖШС-інің коммерциялық директоры болып тағайындалады. 2004 жылдың 15 шілдесінен бастап «Атырау мұнай өңдеу зауыты» ЖШС бас директоры. Ол бас директор ретінде кәсіпорынның өндірістік – техникалық қызметі, зауытты қайта жаңарту,өнім сапасын арттыру, жұмыс орындарын жақсарту, мамандардың техникалық білім деңгейлерін көтеру, жұмыс орындарын сақтау саласында көптеген мәселелерді оңтайлы шешіп келеді.
Соңғы жылдары Т.А.Байтазиевтың жетекшілігімен кәсіпорынның өндіріс саласында айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізілді. Қайта жаңғыртудың бірінші кезеңінен соң зауыт Евро-2 деңгейіндегі автокөлік бензинін, Евро-3 және 4 деңгейлеріне сәйкесетін дизель отынын шығара бастады. Шығарылатын автокөлік бензиніндегі жоғары октанды бензин үлесі артып, 2008 жылғы 14 пайыздық көрсеткіш биылғы жылы 38 пайызға жетті. Премиум-95 және Супер-98 маркалы бензиндердің өнеркәсіптік өндірісі игерілді.
Реактивті қозғалтқыштарға арналған ТС-1 реактивті отының көлемін жылына 200 мың тоннаға жеткізу мақсатында шығарылатын тікелей айдалатын ТС-1 реактивті отынына қоса сутекпен тазартылған керосин негізіндегі қоспа отын өндірісі игерілді.
Қайта жаңғырту жұмыстары барысында биологиялық тазарту имараттары және айналма сумен қамту қондырғысы салынып, осының арқасында буландыру алаңына жіберілетін су мөлшері азайды, су сапасы да айтарлықтай жақсарды.
Сондай-ақ, өндірістік қалдықтарды көмуге арналған (қолданыстан шыққан катализаторлар, биологиялық тазарту имараттарының шөгінділері) экологиялық талаптарға жауап беретін полигон салынып, пайдалануға берілді. Зауыттың алау шаруашылығы қайта жаңғыртылып, нәтижесінде алау бағанындағы газдарды жағу көлемі азайды.
Ауаға тасталатын зиянды қалдықтарды азайту мақсатында газ тектес отын және табиғи газды пайдалану жолға қойылған, нәтижесінде технологиялық қондырғылардың күкіртті сұйық отын жағу мөлшері азайды.
Мұнай, қарамай, дизель отыны, автобензин сақтауға арналған қазандардың үлкен және шағын «тыныстаулары» кезінде түзілетін жеңіл бөлінділерді аулау түйінімен, газ теңестіргіш сызбанұсқамен жарақталған жаңа қазан парктері пайдалануға берілді. Кәсіпорынға экологиялық тұрғыда баға берерде оның өрт және жаралыс қаупін төмендетуге жете мән беріледі. Осы орайда зауыт заманға сай автоматты бақылау, өрт сөндіру құралдарымен жарақталған.
Қайта жаңғыртудың екінші кезеңі – хош иісті көмірсутек шығаратын кешен жобасы өзінің сәтті бастауын алды.
Талғат Алтыбайұлы әлеуметтік салаға да жете көңіл бөліп келеді.
Өзінің табысты қызметімен қоса қаланың қоғамдық өміріне де белсенді ат салысып жүрген ол күні кешеге дейін қалалық мәслихат депутаты болды. Талғат Алтыбайұлы қай кезде де қоғамға көмек қолын ұсынуға даяр. Ол өз қаражатына есебінен облыстық ауруханаға бағалы құрал-жабдықтар сатып әперді, жарақаттары салдарынан Гурьев госпитальдарында қаза болған сарбаздарға арналған ескерткіш орнатты, жағдайы төмен жандарға материадық қолдау көрсетіп тұрады.
Өндірістегі жетістіктері үшін Талғат Алтыбайұлы «Құрмет» орденімен, ҚР Президентінің Құрмет грамотасымен, «Атамекен» медалімен марапатталды.
Қайрденов Арман Құрметұлы 1971 жылы 12 сәуірде Атырау қаласында дүниеге келген. 1993 жылы Қазақ химия-технологиялық университетін «Отын мен көмірсутек материалдарының химиялық технологиясы» мамандығы бойынша бітірді. 2003 жылы Ресей Федерациясы Үкіметінің жанындағы Халық шаруашылығы академиясын «Мүнай және газ бизнесі» мамандығы бойынша бітірді.
Еңбек жолын 1993 жылы Атырау мұнай өңдеу зауытында №1 цехында ЭЛОУ-АТ-2 қондырғысының операторы болып бастады. Зауытта 13 жыл қызмет етті.
1998 жыл - №1 цехының газреагенттік шаруашылық қондырғысының бастығы;
2000 жылы - №3 цех бастығының орынбасары; 2001 жылы – күрделі құрылыс басқармасы жобасының жетекші үйлестірушісі (координаторы); 2003 жылы - УКС жобасының бас менеджері, Кәсіпорын құрылысы Дирекциясы бас директорының орынбасары;
2004 жыл – УКС жобасы бойынша бастықтың орынбасары.
АМӨЗ-де жұмыс істеген уақытта өзін білімді әрі кәсіби маман, өндірісті ұйымдастырушы ретінде көрсете білді. Зауыттың 2003-2006 жылдардағы қайта құрылымдауын іске асыруға тікелей ат салысты.
2006 жылы наурызда «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ-ға Мұнай-химия департаментіне бас менеджер етіп ауыстырылды. 2006 жылы қыркүйекте Мұнай өңдеу департаменті директорының орынбасары болып тағайындалды, онда 2008 жылғы қарашаға дейін қызмет етті.
2008 жылы «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ-ның еншілес компаниясы Rompetrol компаниясына, Rompetrol Rafinare S. A. (Румыния) мұнай өңдеу зауыты бас директорының орынбасары лауазымына ауыстырылды. 2010 жылдың тамызында
Rompetrol Rafinare S. A. (Констанца қ.) компаниясының бас директоры болып тағайындалды. 2012 жылы Rompetrol (Бухарест қ.) компаниялар тобы бас директорының орынбасары лауазымында қызмет етті. «Атырау МӨЗ» ЖШС-нің бас директоры лауазымына Қайырденов Арман Құрметұлы 2012 жылғы 21 қарашада тағайындалды.
Атырау мұнай өңдеу зауыты мен Петромедия МӨЗ-дерін модернизациялау жобаларын іске асырғаны үшін «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ-ның Құрмет грамоталарымен марапат- талды.
Оразбаев Қайрат Құлымұлы 1963 жылы 8 тамызда Атырау облысында дүниеге келген. 1987 жылы Қазан қаласының химия-технология институтын Мұнай өңдеудің химиялық технологиясы мамандығы бойынша бітірді. Квалификациясы: инженер-химик-технолог.
Еңбек жолын 1979 жылы «Маңғышлақ- мұнайбарлау» кешенді экспедициясында оператор болып бастады. Кейіннен Мұнай өндіру басқармасында слесарь, В.И.Ленин атындағы Гурьев МӨЗ-інің № 3 цехында оператор болып жұмыс істеді. 1987-1996 жылдары № 1 цехтың алкилация қондырғысының бастығы, № 4 цехтың бастығы, эстакада бастығы, № 4 цех бастығының орынбасары, цех бастығы қызметтерін атқарды.
Мұнай өнімдерін есепке алу мен тарату жөніндегі өндіріс секторы (кейіннен бөлім) жұмысын ұйымдастырумен айналысты және бөлім бастығы болды.
1996 жылы «Лукойл АМӨЗ» АОЗТ Бас директоры. Қазақстан Республикасы
1996 жылы шілдеде Қазақстан Республикасы Мұнай және газ өнеркәсібі министрлігі аппаратының Өндірісті дамыту бас басқармасы бастығының орынбасары лауазымына ауыстырылды
1997 жылғы наурыздан бастап 2002 жылғы қаңтарға дейін «ҚазақОйл» ҰК-да Техникалық саясат департаментінің жетекші маманы, аға эксперт, Мұнай және газды өндіру мен тасымалдау департаментінің менеджері, «АМӨЗ» ААҚ қайта құрылымдау жоба басқармасы департаментінің сектор меңгерушісі, «АМӨЗ» ҰК "ҚазақОйл" ААҚ қайта құрылымдау жоба басқармасы дирекциясы Бас менеджерінің орынбасары. 2001-2007 жылдарда «АМӨЗ» ААҚ салынып жатқан кәсіпорнының директоры - Дамыту жөніндегі Вице-президенті. «АМӨЗ» ЖШС күрделі құрылыс және дамыту жөніндегі Директоры. 2007 жылғы қыркүйектен бастап өндірістік-техникалық және құрылыс қызметтерін басқарып - Бас директордың бірінші орынбасары - бас инженер қызметін атқарды.
Кейіннен «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-да Маркетингтік анализдеу департаментінің директоры, мұнай өңдеу және мұнай-химия дамыту жөніндегі директордың орынбасары қызметтеріне ауыстырылды. «АМӨЗ» ЖШС-нің Дамыту жөніндегі Бас директордың орынбасары, Бас директор- дың дамыту және модернизация жөнін- дегі бірінші орынбасары. 2013 жылғы 2 шілдеден бастап «Атырау мұнай өңдеу зауыты» ЖШС-нің бас директоры. Оразбаев Қайрат Құлымұлы өндіріс пен құрылыс жұмыстарында тәжірибеге бай.
Оның тікелей басқаруымен 2008 жылы Сапалы мұнай өнімдерін шығару саласы едәуір алға басты, баяу кокстау мен ЭЛОУ-АВТ-3 вакуум блогы қондырғыларын қайта құрылымдау табысты аяқталды.
Бас директордың лауазымына тағайындалмас бұрын екі инвестициялық жобаны «Хош иісті көмірсутектерін өндіретін кешен құрылысы» және «Мұнайды тереңде өңдеу кешен құрылысы» жобаларын іске асыруға жетекшілік етті.
Басшылық лауазымдарында қызмет еткен уақытында Қайрат Құлымұлы өзін мықты ұйымдастырушы, білімді басшы ретінде танытты.
"KAZENERGY" медалімен, Қазақстан Республикасы Президентінің екі Алғыс хатымен, ҚР Энергетика және минералды ресурстар министрлігінің Құрмет грамотасымен, ҚР Мұнай және газ министрлігінің құрмет грамотасымен марапатталды.
Амантұрлин Ғалымжан Жыршыбекұлы 1956 жылы Гурьев қаласында дүниеге келген. Еңбек жолын 1973 жылы «Гурьевмұнайхимқұрылыс» трестінде слесарь болып бастаған. Екі жыл Кеңес Армиясы қатарында болды. 1976 жылы Гурьев мұнай өңдеу зауытына оператор болып орналасады. 1982 жылы Бүкілодақтық Мәскеу политехникалық институтын, инженер-химик-технолог мамандығы бойынша бітірді.
1978-1981 жж. оператор, каталитикалық риформинг қондырғысының бастығы, №3 цехының бастығы, өндірістік-техникалық бөлім бастығының орынбасары, №1 цехының бастығы, бас технолог қызметтерін атқарды. Цех бастығы, техника бөлімінің бастығы қызметтерін атқара жүріп, әртүрлі жууға арналған сұйық заттарды, тосол, «Атырау» деэмульгаторын, көбік жасайтын қоспаның техникалық құжаттарын әзірлеуге белсенді атсалысты. Оның басшылығымен ауқымды жұмыстар атқарылды, ЭЛОУ-АТ-2 қондырғысының өнімділігін арттыруға бағытталған, ашық түсті мұнай өнімдерін сұрыптап алуға, негізгі және көмекші қондырғыларды тұрақтандыруға, буды, суды үнемдеуге және мұнай өнімдерінің жойылуын азайтуға бағытталған жұмыстар атқарылды.
1992 жылы Ғ. Ж. Амантұрлин Мәскеу Қаржы-экономикалық институтын игнженер-экономист мамандығы бойынша бітірді. 1994 жылы қыркүйекте «АтырауМӨЗ» АҚ-ның бас директорының бірінші орынбасары – бас инженер болып тағайындалды. 1998 жылғы ақпаннан бастап Мұнай өңдеу департаментінің директоры – бас инженер – вице президент қызметтерін атқарды. 1999 жылғы 15 шілдеден бастап «АМӨЗ» ААҚ президенті болып тағайындалды.
Г.Ж. Амантұрлиннің шебер ұйымдастырушылық қабілетінің арқасында 1994 жылы ХВО-6, 7, 10, а в 1995 году – ХВО-3 ауа тоңазытқыштары құрастырылып іске қосылды. Бұл тоңазытқыштардың іске қосылуы бұрынғы абажадай және аз тиімді тоңазытқыштардан арылып, К-1, К-2
колонналарының жұмысын тұрақтандырып, ашық түсті мұнай өнімдерін іріктеп алу мүмкіндігін ұлғайтты. Теңгіз мұнайын өңдеу қажеттілігіне байланысты, К-1, К-2 колонналарының жұмысын жақсарту үшін Х-1, 2, 3, 4, мұздатқыштары құрастырылып іске қосылды, әрі Теңгіз мұнайын өңдеуді бастауға мүмкіндік берді. 1994 жылы зауыттың цехтары мен қондырғыларын бумен жылытудан -сумен жылытуға ауыстырылды, бұл бу шығынын 5 есе азайтты. Толық энергетикалық тәуелсіздік бағдарламасы қабылданды. 1999 жылы П-6-34-10 турбинасын іске қосқаннан кейін зауыт 105 миллион теңге үнемдеді. 2000 жылы азот стансасы салынды. Ғалымжан Жыршыбекұлы шығарылатын мұнай өнімдерінің ассортиментін кеңейтуге, сапасын жақсартуға көп күш жұмсады. Оның тікелей бастамасымен жаңа өнім – реактивтік жанар май (отын) ТС- өндірілді.
Г.Ж. Амантұрлиннің ұйымдастырушылық қабілеті, әлеуметтік мәселелерді де әділ шешуі, ұжымды біріктіріп, экономиканың нарыққа өту кезеңінде халықтың ертеңіне сенімділігін арттырды. 2000 жылы 72 пәтерлі тұрғын үй қолданысқа тапсырылды, көптеген зауыт жұмысшылары тұрмыстық жағдайын жақсартты. Спорттық- денсаулық кешені салынды, Мәдениет сарайы реконструкцияланып, кейіннен қалаға берілді.
Ғ.Ж. Амантұрлин басшы ретінде зауытты реконструкциялау қажеттілігін анық түсінді. Атырау МӨЗ-ін қайта құрылымдау үшін Жапонияның «Марубени корпорейшн» компаниясымен «под ключ» келісім шартына отырды, әрі оның орындалуына белсенді ат салысты. .
Зауыт тарихында Ғ.Ж. Амантұрлин белсенді өнертапқыш, ғалым ретінде өз қолтаңбасын қалдырды. Инженерлік-техникалық лауазымдарында қызмет атқарған шағында 100-ден астам өнертапқыш жаңалықтар ұсынды. «Батыс Қазақстанда «Атырау МӨЗ» ААҚ-да мұнай өңдеудің технологияларын жетілдіру» тақырыбына кандидаттық диссертациясын тәжірибелілік пен біліктілігін дәлелдеп, табысты қорғады.
2002 жылы Ғалымжан Жыршыбекұлын «ҚазМұнайГаз» ҰК -ға Мұнай және газ өңдеу департаменті директорлығына ауыстырады, кейіннен басқарушы директор қызметін атқарды.
Бүгінгі таңда Ғ.Ж. Амантұрлин «ҚазМұнайГаз» ҰК бас менеджер қызметін атқарады. «ЭЛОУ-АВТ-3 вакуумды блок қондырғысы мен баяу кокстау қондырғыларын реконструкциялау» және «Хош иісті көмісутектер өндіру кешенінің құрылысы», «Мұнайды тереңде өңдеу кешенінің құрылысы» АМӨЗ инвестжобаларын іске асыру мәселелерімен айналысуда. Ғалымжан Жыршыбекұлы АМӨЗ тарихында білікті, танымал, нағыз кәсіби маман-мұнай өңдеуші ретінде тарихта қалады.
Атқарған жемісті еңбегі мен еліміздің экономикасын дамытуға қосқан үлесі үшін Ғ.Ж. Амантұрлин «Ерен Еңбегі үшін», «Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 10 жылдығы» медальдарымен марапатталды.
Туған жылы: 1963 жыл
Ш.А.Данбай 1963 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы Кентау қаласында дүниеге келген. «Қайнар» университетінің халықаралық экономикалық қатынастар факультетін, Ресей Федерациясы Президентінің жанындағы Ресей халық шаруашылығы және мемлекеттік басқару академиясын «Іскерлік әкімшілік докторы» мамандығы бойынша бітірген. Қазіргі таңда И.М.Губкин атындағы Ресей мемлекеттік мұнай және газ институтын «энергетикалық көсбасшылық» бағдарламасы бойынша Executive MBA курсында оқып жатыр.
Бірнеше жыл бойы мұнай жеткізу және өңдеу бойынша ірі коммерциялық құрылымдарды басқарған («Гелиос» ЖШС Бас директоры, «Қазақстан отын энергетикалық кешені» ЖШС Бас директоры), «Павлодар мұнай-химия зауыты» ЖШС Бас директорының экономика және қаржы жөніндегі орынбасары, «ҚазМұнайГаз» қайта өңдеу және мұнай химиясы бөлімінің атқарушы директоры, ал 2009 жылдың қыркүйегінен 2017 жылдың қарашасына дейін - «ПМХЗ» ЖШС Бас директоры, 2018 жылдың маусым айынан 2019 жылдың 15 ақпанына дейін - «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ мұнайды қайта өңдеу бойынша Басқарушы директоры.
Нарықтық экономикадағы кәсіпорындарда коммерциялық есептеуді ұйымдастыру және жұмыс істеу туралы бірнеше мақалалардың және жарияланымдардың авторы.
«Құрмет» орденінің иегері, «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл» мерейтойлық төсбелгісімен, «Жастарды патриоттық тәрбиелеудегі еңбегі үшін» төсбелгісімен, «Қайырымдылығы үшін САУАП» , «KAZENERGY» төсбелгілерімен, Павлодар облысынң 75-жылдығына арналған мерейтойлық төсбелгісімен, «Облыс алдындағы еңбегі үшін» белгісімен, «Зауытқа 35 жыл» мерейтойлық төсбелгісімен, Кәсіподақ федерациясының құрмет грамотасымен, ҚР Парламент Сенатының Төрағасының құрмет грамотасымен, «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл» мерейтойлық төсбелгісімен, «Ісіне деген адалдығы үшін» төсбелгісімен, «Қазақстан полициясына 25 жыл» төсбелгісімен, «Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметіне 25 жыл» естелік төсбелгілерімен марапатталған. Сонымен қатар Павлодар қаласының құрметті тұрғыны.